Маза кетіп бұзылады шырқы көп,
Дей алмайсың талайларды “жыртып ек”
Бүкіл әлем, ойынына тамсанар,
Біздің футбол,шығар қашан дүркіреп?
Біреулер жүр,казіргі ойын – «тема» деп,
Ал ұтылса, төмпештейміз “өләәә” деп.
Рас,казір етек-жеңін жинады,
Бірдеңе деп айтқан, сірә, Беранек?
Футбол емес – боска жүру,тепкілеп
Жетіспейді,бізге шалттық, от-жүрек.
Англяның қақпасына гол соққан
Көкей шалдың ұрпағы,бірақ,ептірек.
Кезің қашан, қарсыласты “асайтын”?
Ол күндерде кеп қалар-ау, рас,айқын
Күн де туар, мактанышпен айтатын
“Сергейлер деп сенсация жасайтын”.
Рас біздің, біраз доптар жеткен жоқ
Гол соқпасаң, нәтижең не – көп терлеп.
Демирелдің төбе шашын тік тұрғызд
Қонысбайдың немересі тепкен доп.
Армандаймын бағымызға, болса ғой деп, гол – себеп
Ғайыптан тайып үздік ондыққа кірсе деп.
Ұлан десе, алыстан қашып Азияң
Кәрі құрлық, бізден ығып жүрсе деп
Көңілімде бүр жарады қаншама ой
Бір арман бар! – сол шындық боп қалса ғой
Одан өзге сұрамас ем біздерге,
Орындалса – ашылар ед жан сарай.
Біздің ұлттық құраманың үздігі
Аяққа доп, байланғандай ойнайтын
Лионнельдің Мессиіндей болса ғой!
Абай АЙМАҒАМБЕТОВ