Футбол фристайлы Қазақстанда!

18.04.2011, 05:08
Футбол фристайлы Қазақстанда!

Алматыдағы спутник сауда кешенінде футбол фристайлынан тұңғыш республикалық турнир болып өтті. Жарысқа допты ұршықша иіретін еліміздің түкпір-түкпірінен отызға жуық спортшы қатысып, бәсекені қыздыра түсті. Ал бұл додаға спорт тақырыбында қалам тербеп жүрген танымал журналистермен бірге өнер тарландары  төрелік етті.

Футбол фристайлы негізінен оңтүстік америка мен еуропада кеңінен тараған ойын түрі. Футболдан хабары бар барлық жанды өзіне бірден  баурап алатын бұл өнерге, енді елімізде де қызығушылық арта түсетініне сенім мол. Мәселен көршілес Ресейде футбол фристайылынан жыл сайын ұлттық біріншілік өтіп тұрады екен. Ал жеңімпаз әлем чемпионатына жолдама алып өнерін әлемге паш етеді. Ұйымдастырушының айтуынша бұл турнир болашақта өз жалғасын тауып дәстүрлі турирге айналатынына сенімді.

Допты дененің кез келген мүшесімен шыр көбелек айналдырып керемет өнер көрсеткен жастар бұл күні аянып қалмады. Бұл додаға жас шектеулігі қойылмағандықтан, жарысқа жасы ондағы балалардан бастап, бір кездері үлкен футболда өнер көрсеткен шеберлер де болды. Негізгі бәсеке Тараздан  келген Майль Надиров пен Олжас Оқасовтың арасында өрбіді. Әділ қазылар бұл жұпта Олжасты мықты деп таныды.

Дәл осындай доп додаларынан кейін, ақсап жатқан қазақ футболына жанкүйерлер мен басшылардың оң көзқараспен қарауы ықтимал.

Елдос Қамбалиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
КӨШБАСШЫ ҮШЕУ
Серіктес жаңалықтары
×