КӨШБАСШЫ ҮШЕУ

17.04.2011, 21:19
КӨШБАСШЫ ҮШЕУ
Футболдан Қазақстан чемпионатының 7 тур ойындары аяқталды. Көш басында келе жатқан “Ақтөбе” мен “Жетісу” арасындағы ойынға жұрт назар ауған-ды. ТІзгінге таласқан қос мықты бұл жолы Ақтөбе төрінде тең тарқасты.  7 тур ойындарында “Тобыл”, “Ордабасы”, “Шахтер” ірі жеңіске қол жеткізді. “Тобыл” сырт алаңда “Қайсарды” 3:0 есебімен ұтса, “Шахтер” дәл осындай есеппен “Тараздан” басым түсті. Ел біріншілігін тәп-тәуір бастаған “Восток” өз алаңында 4:0 есебімен “Ордабасыдан” оңбай ұтылды. “Атырау” өз алаңында “Ертістен” басым түсті – 1:0. Ал Алматыда “Қайрат” “Локомотивпен” тіресіп баққан. Алайда тең нәтижені ұстап тұра алмады – 2:3. Осы ойында Жұмасқалиев есеп ашқан. Артынша Танат Нөсербаев есепті еселеп еді… Бірақ Нөсербаев ойынның ортасында өз қақпасына автогол соғып алды. “Локоның” бұл қателігін пайдаланған “Қайрат” ойыншылары есепті теңестіруге бар күштерін салды. Төккен тер далаға кеткен жоқ. Евгений Коструб астаналықтар қақпасын қаңыратып, таразы басын теңестірген. Алайда бұл нәтижені ұстап тұруға алаң иелерінің шамасы жетпеді. Драган Богавац ойын соңында “Локоға” аса маңызды үш ұпайды сыйлар голды соқты. “Локомотив” осы жеңісінен кейін “Ақтөбе” һәм “Жетісу” командаларымен ұпайы теңесті. Бұл тур ел біріншілігіндегі “тәртіпсіз” турлардың бірі болмақ. Барлық 6 ойында 5 қызыл қағаз көрсетілген. «Восток» — «Ордабасы» 0:4 (0:3) Голдар: Әшірбеков 17 (0:1), Трайкович пенальти 33 (0:2), Тажімбетов 43 (0:3), Тажімбетов 73 (0:4) Алаңнан қуылды: Вуйович 32, Прядкин 33 (екеуі де “Восток”) «Атырау» — «Ертіс» 1:0 (0:0) Гол: Алейников 86 (1:0) «Қайрат» — «Локомотив» 2:3 (0:2) Голдар: Жұмасқалиев 17 (0:1), Нөсербаев 42 (0:2), Нөсербаев автогол 56 (1:2), Коструб 76 (2:2), Богавац 88 (2:3) Алаңнан қуылды: Джорджевич 35 — Рожков 90 «Қайсар» — «Тобыл» 0:3 (0:0) Голдар: Бекрич 54 (0:1), Гридин 58 (0:2), Гридин 76 (0:3) «Актөбе» — «Жетісу» 1:1 (0:0) Голдар: Климавичюс 60 (0:1), Лисенков 90 (1:1) Алаңнан қуылды: Мұжықов 66 «Шахтер» — «Тараз» 3:0 (1:0) Голдар: Вичюс 25 (1:0), Хижниченко 62 (2:0), Алиев 75 (3:0) ТУРНИР КЕСТЕСI О Ұ-ы Е Ұ-с Г Ұ-р 1 Жетісу 7 5 1 1 10-2 16 2 Актөбе 7 5 1 1 12-6 16 3 Локомотив 7 5 1 1 9-5 16 4 Шахтёр 7 4 1 2 10-4 13 5 Ертіс 7 4 0 3 13-10 12 6 Тобыл 7 3 1 3 13-8 10 7 Ордабасы 7 3 0 4 7-5 9 8 Атырау 7 2 2 3 7-9 8 9 Восток 7 1 3 3 7-14 6 10 Қайрат 7 1 2 4 7-12 5 11 Қайсар 7 1 2 4 3-13 5 12 Тараз 7 1 0 6 2-12 3 аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×