Футбол футбол болып қалған жер

10.02.2012, 00:03
Футбол футбол болып қалған жер

Футбол әртүрлі. Ол бірде қатал, бірде жиіркенішті, бірде күлкілі, бірде тым ақшақұмар. Дегенмен, көбіне ол өте сұлу, көз тоймайтын көркем көрініс. Кейде тіпті романтика…

Силли архипелагы Ұлыбританияның оңтүстігіндегі ең шеткі нүкте. Арихпелагта барлығы елуден астам арал бар. Оның тек бесеуінде ғана адамдар тұрады. Бар жоғы екі жарым мыңдай халық.

Футбол силлиліктер үшін жат емес. Керісінше, бұл екі мың адамның футбол тарихында ойып алған өз орыны бар. Силли аралдарында әлемдегі ең кішкентай футбол лигасы тіркелген. Мұнда тек екі-ақ команда бар – Garrison Gunners және Woolpack Warriors. Лига 1920-жылдан бері жұмыс істейді. Футболшылар кәсіпқой спортшылар емес. Кәдімгі балықшы, сәрсенбіде кофе ішкен кафенің даяшысын сенбі күні футбол алаңында кездестіруі әбден мүмкін. Немесе баласын мектепке шығарып салған әке, кешкісін оның қорғаған қақпасына гол соғып жатса таңқалмауға болады. Екі команда арал чемпионатының аясында бір маусымда 17 рет кездеседі. Лига біріншілігінен бөлек үш түрлі кубок сынға салынады. Бұған дәстүрге айналған үлкендер мен кішілер ойынын және үлкен аралға шығатын футбол-турды қосыңыз. Сонда қараша мен сәуір аралығында Силли аралдарында Манчестер Юнайтед-Ливерпуль, Реал-Барселонадан да қызықты ойындар өтетіндігіне көзіңіз жетеді. Бұл командалардың жанкүйерлері өзгелердей емес. Оларда дерби деген түсінік жоқ. Ең бастысы – футбол, иә-иә, тек қана футбол! Силли футболы туралы «Adidas» тәп-тәуір фильм түсіріпті. Қарап шығыңыз, ағылшыншаңыз керемет болуы міндет емес, бәрі түсінікті. Декерккөз: http://www.kerekinfo.kz www.worldssmallestleague.co.uk/index.html

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×