Джолчиев пен "Газ-Метан

10.02.2012, 06:49
Джолчиев пен "Газ-Метан
«Тобол» Түркияда өткен оқу-жаттықтыру жиынында тағы да жеңіске жетті. Бұл кезекте Медиаш қаласынан келген румындық «Газ Метан» командасы тізе бүкті. Қостанай жанкүйерлеріне беймәлім емес вендық «Аустрия» командасынан ғана жеңіліп, 2011 жылы «Газ Метан» УЕФА Европа Лигасының топтық кезеңіне кіруге бір қадам жақын қалған. Бүгін кешке румын клубы енді біздің футболшылардан да жеңілді. Қарсылас бірінші таймның ортасында есеп ашты, бірақ та «Тобол» есепті тез теңестірді. Өткен матчтағы дай Бауыржан Джолчиев тағы гол соқты. Екінші таймда біздің команданың басымдығы Игорь Бугаев соққан екінші голмен расталды. Голдық тастаумен сол Джолчиев көзге түсті. Молдавия легионерінің соққан добы «Тоболды» жеңіске жеткізді. 10 ақпанда «Тобол» Пловдив қаласынан келген «Локомотив» болгар командасына қарсы  жолдастық матч өткізеді. «Тобол» ФК баспасөз қызметі 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×