Футбол миды шайқалтады

02.12.2011, 21:36
Футбол миды шайқалтады
Допты баспен ұрғанды жақсы көретін әуесқой футболшылардың ми жарақатын алу қаупі жоғары. АҚШ-тың Альберт Эйнштейн атындағы медициналық колледжі мен Монтефиоре медицина орталығының мамандары осындай пікірде. Fox Sports-тің хабарлауынша, дәрігерлер 38 әуесқой аяқдопшының бас миын МРТ-сканерлеуден өткізген. Алынған түсірілімдер футболқұмарлардың бір жыл ішіндегі ойынына қатысты мәліметтермен салыстырылды. Зерттеу нәтижесінде, допты баспен жиі ұратын адамдардан ми жарақаты анықталды. Әрбір соққы сайын ми шайқалады екен. "Бір жыл ішінде допты 1000-1500 рет ұрған адамдардың миы айтарлықтай зақымданғаны белгілі болды. Мұндай соққыны тәулігіне бірнеше рет жасамау қажет. Бастың допқа ұрылуынан ми жасушалары деграда­цияға ұшырайды", – дейді зерттеу тобының жетекшісі Майкл Липтон. Дәрігердің айтуынша, футболды баспен ойнайтын адамдардың ми жарақатынан олардың есте сақтау, көру, зейін қою қабілеттері нашарлайды. Дереккөз: nur.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×