Қазақстанның Бірінші лигасының ең үздік футболшысы аталды

02.12.2011, 21:36
Қазақстанның Бірінші лигасының ең үздік футболшысы аталды
Исламбек Қуат Қазақстанның Бірінші лигасының ең үздік футболшысы деп танылды. Бұл туралы «Астана» клубының ресми сайты футбол федерациясы жариялаған маусым қорытындысы бойынша үздік ойыншылардың тізіміне сілтеме жасап хабарлайды. Маусым басында Исламбек «Астананың» қосымша құрамасы қатарында бір матчқа қатысып, кейін «Оқжетпеске» жалға берілді, 2011 жылдың қалған маусымында осы команда құрамында ойнады. 18 жасар жартылай қорғаушы көкшетаулық клубтың атынан 26 ойынға қатысты, сондай-ақ ШЫҰ кубогында және Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасының қатарында 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде өнер көрсетті. BNews.kz сайтынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×