Футбол құдайы

05.01.2012, 23:23
Футбол құдайы
Футбол құдайы Валерий Василиұлы Лобановский 6 қаңтар, 1939-жылы дүниеге келген. Рождествомен сай келген бұл кісінің туған күні белгісіз бір тылсым туралы айтып тұрған секілді. Украинада ВВЛ-ды "Футбол құдайы" деп атап кеткен. Мүмкін, шынымен де бұл кісінің осы ойында алар орны ерекше шығар? Ойшыл кісінің ойға құрылған ойынын талай тамашалаған адамдар болса, осыған анық келісер. Блохин мен Беланов, Заваров пен Рац, Шевченко мен Ребров секілді Әлем футболының бірқатар шоқ жұлдыздары Валерий Василийұлын "әкеміз" деп әлі күнге дейін еске алады. Чемпиондар лигасын Андрей Шевченко "Милан" сапында жеңіп алып, кубокты Лобановский ескерткішінің алдына әкеліп қойғанда, куәгерлердің көз жасы сел болмап па еді?! Қайран, Лобановский! Қайта орал, футболмен де қош айтыспа. Футбол құдайы бізді жеңістермен қуант!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Ақтөбе" 1-ожж-ны аяқтады
Келесі жаңалық
Ойынның ойшылы
Серіктес жаңалықтары
×