France Football басылымының нұсқасына сәйкес, италиялық Пьерлуиджи Коллина тарихтағы ең үздік футбол төрешісі деп танылды.
«Төрешілер туралы әңгіме айтылғанда, ол бірінші болып еске түседі. 1977 жылғы дебютінен бастап, 2005 жылы зейнетке шыққанға дейін Коллина футбол тарихын өз қолымен жазды», - деп жазады France Football.
Пьерлуиджи Коллина 1998/1999 жылғы Чемпиондар лигасы мен 2002 жылғы әлем чемпионатының финалында жұмыс істеді. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) шешімімен алты рет әлемнің ең үздік төрешісі атанды. 2016 жылдың қаңтарында италиялық маман ФИФА төрешілер корпусының басшысы болып тағайындалды. Және осы күнге дейін сол жерде жұмыс істеп келеді.
Үздік төрешілер тізімінде екінші орынды ағылшын Кен Астон, үшінші орынды француз Мишель Вотро иеленді.
Біздің серіктес: FONBET