Футбол турнирінің жеңімпазы - Парламент командасы

17.10.2011, 16:49
Футбол турнирінің жеңімпазы - Парламент командасы
«Алатау» спорт кешенінде ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-экономист Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған шағын футболдан жарыс болып өтті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. Үшінші рет өткізілген бұл футбол турниріне елордада орналасқан бірқатар елшіліктердің командалары да қатысты. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров биылғы жарыстың халықаралық мәнге ие болып отырғанын айта келіп, мемлекетімізде салауатты өмір салтын ұстануға баса мән беріліп келе жатқанын мәлім етті. Осы орайда Парламент мемлекет және қоғам қайраткері Марат Тұрдыбекұлының жүлдесі үшін үшінші рет жарыс ұйымдастырып отырғанын жеткізді. Биыл бұл турнирге 8 команда қатысты. Жарыс қорытындысында үш ойыннан 9 ұпайдан жинаған «Хабар» агенттігі мен Парламент командасы финалға шықты. Тартысты өткен кездесуде Парламент командасы 5:1 есебімен жеңіске жетіп, бас жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін болған кездесудің негізгі уақытында Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен Оспановтар отбасы командасы 3:3 есебімен тең түсті. Пенальти бойынша 2:3 есебімен басым түскен Оспановтар отбасы алғаш рет қатысқан турнирдің жүлдегері атанды. Жеңімпаз командаға парламенттік кубок табыс етілді. Жанкүйерлердің ықыласына бөленген ойыншылар да үздік спортшыларға беретін марапаттарға ие болды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×