Әлемге танымал кейбір мұсылман футболшылардың ораза ұстауы олардың өмір салтына айналып кеткен десек әсте қателеспейміз. Өйткені, күнде болатын жаттығулар мен жауапты матчтарға қарамастан Рамазан айында ораза ұстауды өздеріне парыз санайды. Атап айтқанда, «Тотенхэм» мен «Вэст Хэм» -нің бұрынғы шабуылшысы, бүгінде «Севильяның» белді ойыншысы Фредерик Кануте оразаға аса жауапкершілікпен қарап, оны жібермей тұтып келеді. Канутенің айуынша, ол 20 жылдан бері ораза ұстайтын көрінеді. Оның бұл әрекеті команда бапкерін, әріптестеірін және жанкүйерлерін еш ренжітпеген. Керісінше, олар Фредерикке үнемі қолдау көрсетіпті.Ал, Франция чемпионатында ораза ұстаушы футбол жұлдыздардың саны жыл өткен артып келеді. Коло (Kolo), Яя Туре (Yaya Touré), Николас Анелька (Nicolas Anelka), Самир Насри (Samir Nasri) солардың қатарында. Олар аузы берік екенін жаһанға жар салып айтқылары да келе бермейді. «Ораза ұстау әрбір мұсылманның парызы» дейді ала допты еркіне бағындырған атақты футболшылар.
http://www.muftyat.kz