Футболдағы егіз ағайындылар

06.01.2012, 20:56
Футболдағы егіз ағайындылар

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Бұл мақала тап осы жандар туралы айтылады. Яғни, футбол алаңындағы егіздер хақында. Біз олардың спорттық ғұмыры қалай өрбігенен және егіздер бір-біріне қаншалықты ұқсас екендігін сөз етпекпіз. Алдымен бүгінгі таңға дейін спорттық ғұрымыын аяқтап кеткен аяқдопшылардан бастасақ!

Спорттық ғұмырын бітіргендер

Эрвин және Хельмут Кремер

Бұл жігіттер  футбол алаңындағы ғұмырын алдымен менхенгладбахтық «Боруссияда» бастаған. Содан кейін бірге алдымен «Кикерс Оффенбах», содан  гельзенкирхендік «Шальке-04» командаларында жалғастырған. Эрвин спорттан інісінен бұрын кеткен екен. Ал, Хельмут болса, жасыл алаңдағы соңғы жылдарын канада біріншілігінде аяқтаған көрінеді. Ең қызығы бұл ағайындылар тура бір уақыттарда қолдарын сындырып алған, тура бір мезетте аяқтарын жарақаттап, бірдей уақыт аралығында емханадан шыққан. Міне, осындай ағайынды егіздер болған. Жән олардың өмірдегі, футбол алаңындағы іс-қимылдары мен тағдырлары ұқсас келген екен. 

Вилли және Рене ван де Керкхоф

  Екеуі де нидерландылық «Твенте» ұжымының түлектері. Кейінірек эйндховендік «ПСВ» қатарында тер төккен. Тап осы клубта Вилли спорттық ғұмырының барлық кезеңін өткерсе, Рене болса, грек, қытай біріншіліктерінде де ойын өрнегін көрсетіп қайтқан. Бұл егіздердің екеуі де Нидерланды құрамасының негізгі ойыншылары болған. Ұлттық құрамаларымен екі рет әлем мундиалының қола жүлдесін және бір мәрте Еуропа додасының қола жүлдесін жеңіп алған.

Рональд және Франк де Бур

Тағы да бір нидерландының атақты егіздері - Рональд және Франк.  Бұлар осы уақытқа дейін қаншама әлемдік деңгейдегі футбол жұлдыздарын тәрбиелеп шығарған амстредамдық «Аякс» академиясының тәлімгерлері. «Аякс» қатарында өнер көрсеткен ағайындылар бес рет Голландия чемпионы және бір мәрте Чемпиондар Лигасын жеңген. Негізінен қос ойыншы да көп жылдар бойы бір командада тер төккен. Спорттағы соңғы жылдарын егіздер Катар біріншілігінде аяқтаған. Бұлар әлемдегі ең жеңісті әрі жемісті егіздердің бірі болып тарихта қалған.

Юрий және Николай Савичевтер

Бұл ағайындылар футболды мәскеулік «Торпеда» сапында бастаған. Николоай бүкіл ғұмырын сол «Торпеда» қатарында өткізсе, ал Юрий Еуропаны бағындыруға аттанған. Алдымен ол гректің «Олипиакос»клубына, сосын Германияға көшеді. Юрий Николайдан жеті жылдан кейін спортпен қош айтысқан . Сонымен қатар Юрий Николайға қарағанда Олимпиада чемпионы.

Владимир және Михаил Маковскилер

 

Владимир мен Михаил доп тебуді алғашқы кезде үйінің алдында, кішкене алаңқайда бастаған. Кейінірек минскінің «Динамосында» шеберліктерін шыңдаған. Кәсіпқой аяқдопшы болған шағында екеуіде киевтік «Динамо» қатарына ауысады. Бірақ, ол командада тек Михаил ғана көп уақыт ойнайды. Ал Владимир Балтық жағалуында өнер көрсетеді. Қос ойыншының да соңғы командасы ретінде «Дарида» саналады.

Бұрнағы күнгі аяқдопшылар

Антонио және Эммануэле Филиппини

Қос ағайындылар «Брешиа» командасының шәкірттері. Эммануэле «Пармаға» ауысқанға дейін, бұл егіздер барлық уақытта да бір ұжымда өнер көрсеткен. Италяның "Б" сериасында өнер көрсеткендіктен бе, бұлардың ауыз толтырып айтатын жетістіктері жоқ.

Хамит және Халил Алтынтоп

Қос түрік азаматтары «Ваттеншайд 09» академиясының түлектері. 2003 жылы ағайындылар екі тарау жолмен кетеді. Хамит «Шальке 04» командасына ауысса, Халил сыңарына «Кайзерслауртен» ұжымынан келіп қосылады. Қазірге кезде Хамит корольдік «Реал Мадрид» сапында жүр. Бұл ағайынды екіздер ХХІ ғасыр футболының ең жемісті ойыншылары болып табылады.

Артавазд және Арман Карамян

«Арабкир» клубының тәрбиеленушілері. Армения және Румыния елдерінде өте беделді ойыншылар. Жалпы спорттық  ғұмырының барлық кезеңінде бірге тер төккен. Тек Румынияда 3 жыл екі бөлек командада ойнаған. Керек десеңіз екеуі бір күнде ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген. Армения және Румыния кубогінің жеңімпаздары.

Алексей және Василий Березуцкилер

Спорттық ғұмырын бұл ағайындылар «Торпедо-ЗИЛ» сапында бастаған. Содан мәскеулік «ЦСКА-дан» бір-ақ шыққан. Бүгінгі таңда Ресей құрамасына қос жігіт те үнемі шақыртылып тұрады. Жетістіктері де өте көп. Үш дүркін Ресей чемпионы, Еуропа біріншілігінің қол жүлдегерлері. УЕФА кубогінің жеңімпаздары.

Аяқдоп ойынынң келешек жұлдыздары

Фабио және Рафаэль да Силва

Бұл ағайындылар бразилиялық «Флуминенсе» тәлімгерлері. «МЮ» жетекшілері бұл жігіттерді Гонконгта өткен турнир барысында байқап, келісім-шарт жасасқан. Екеуі де қорғаушылар.  Сэр Алекстің командасында қазірше Рафаэль жиі алаңға шығады. Дегенмен, Фабио да еш осал ойыншы емесі анық.

Кирилл және Дмитрий Комбаровтар

«Динамо» футбол мектебінің тәлімгерлері. Сонымен қатар, Ресей жастар құрамасының және бірнеше уақыттан бері ұлттық құрмасының ойыншылары. Алаңдағы орындары орталық және шеткі жартылайқорғаушылар. Бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері – Ресей біріншілігінің қола жүлдегерлері. Дегенмен, болашақта зор табыстарға жетеді деген сенім мол.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×