Футболдан Қазақстан құрамасы Молдовамен тең түсті

20.02.2015, 01:48
Футболдан Қазақстан құрамасы Молдовамен тең түсті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияда Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп жазады "Алаш айнасы". Ойынның басында біздің футболшылар ширақ қимылдап, бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Тіпті біраз қыспаққа алып, Молдова қорғанысын піспектеумен болды. Алайда бірінші таймның ортасынан бастап, ойын алаңның ортасына қарай ойысты. Екінші таймда қозғалыс та, шабуыл да ширады. Екі құрама алма-кезек шабуылға шығып, матч аяқталғанша қарқындарын бәсеңсіткен жоқ. Молдова қорғаушыларының қателіктерін пайдаланып, біздің құрама есеп ашқанымен, көп ұзамай қарсыластарымыз таразы басын теңестірді. Бұл ойында біздің қақпаны алғаш рет Ненад Эрич қорғады. Шыны керек, Молдова футболшылары біздің қақпашымызды аса көп "мазалай" алмады. Ал олар есепті теңестіргенде, тәжірибелі Гацкан өз шеберлігін паш етіп, допты аяғымен қайшылап теуіп, қақпашымызды да, қорғаушыларымызды да қапы қалдырды.   Қазақстан – Молдова – 1:1 Голдар: Щеткин, 48 (1:0). Гацкан, 54 (1:1). Қазақстан: Эрич, Сүйімбаев, Алиев, Воротников, Логвиненко, Абдулин, Смақов, Дарабаев, Нұрғалиев, Қонысбаев, Щеткин Екінші таймда алаңға шыққандар: Малый, Исламхан, Богданов, Шомко, Қожамберді. Молдова: Чебану, Раку, Посмак, Головатенко, Жардан, Ерхан, Оника, Гацкан (Патраш, 85), Пикущак, Кептине (Дедов, 57), Сидоренко (Кожокарь, 57). Төреші: Алексей Николаев (Ресей)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×