Владимир Вайсс: «Мұндай жағдайда техникалық футбол көрсету мүмкін емес болды»

20.02.2015, 19:46
Владимир Вайсс: «Мұндай жағдайда техникалық футбол көрсету мүмкін емес болды»

«Қайрат» ФК бас бапкері Владимир Вайсс «Минскіге» қарсы өткен жолдастық кездесу соңынан матч туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біз аралас құраммен шықтық. Яғни, денсаулығы сыр бермеген ойыншылар алаңға шығуға мүмкіндік алды. Жерар Гоу, Исаэл, Маркович, Плиев, Сито Риералармен қатар жас ойыншыларға да жол бердік. Ұзақ уақыт үзілісте болған Көкеев те тырысып бақты. Балтабаев пен Таңібергенов деген екі жас жігітке мүмкіндік берілді. Ойын барысында көптеген мүмкіндіктерімізді жіберіп алдық. Өкінішке қарай, бұл күні жел қатты соғып тұрды. Мұндай жағдайда техникалық футбол көрсету мүмкін емес болды», - деді Вайсс. Естеріңізге сала кетсек, алматылық «Қайрат» 1 наурыз күні өтетін Суперкубок матчына қатысады. «PROСПОРТ» порталынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×