Футболдың «өкпесiне» құрт түстi

10.02.2011, 17:40
Футболдың «өкпесiне» құрт түстi

немесе ФИФА-ны қайта құру қажет пе?

Футболды ерекше сүйетiн миллиондаған жанкүйерлерге бiр өкiнiш, бiр үмiт сыйлайтын кез келген доп додасының ыстығы әлi басылған емес. Күні кеше ғана өткен Еуропа, Африка бiрiншiлiгiнiң ащы сабақтары мен дүдәмал түйткiлдерi қорытындыланып, оның әрбiр штрихтары тасқа баcылып, тарих еншiсiне тапсырылды. Ендi үстіміздегі жылы өтетін дүбiрлi доп додасын жасыл алаңға қайта айналдырып көркем «спектакльге» айналдыру қамындамыз. Бақ пен қайғы қатар өрiлетін спорт өнерi үлкен тарихқа айналар тұста күні кеше аяқталған қара құрлықтағы футбол жанкүйерлерi Мысыр мен Алжир аяқ доп шеберлерінің ақтық ойындарына наразылықтарын бiлдiрiп, ойынды қайта өткiзу туралы дау көтердi. Бiр тойда екi жарылу болмайды. Футбол сонысымен қымбат, осынысымен қызықты.

Дау жоқ, футбол – жанкүйерлер үшiн үлкен мереке! Ұтқандар үшiн бақыт, ал ұтылғандар үшiн ашу-ыза, қайтпас кек. Оның қоғам үшiн де, жеке баспен қоса отбасына да келтiрер зияны нөпiр. Ендi футбол айналасындағы түрлi формадағы қайшылықтар мен зерттеу болжамдары туралы және белгiлi саясаткерлердiң көзғарастарын қарастырып көрелiк. Бiрiншiден, футбол адам өмiрiне қауiп төндiретiн аурулардың өршуiне жол ашып отыр. Медициналық зерттеулер мен болжамдар анықтағанындай болашақта футбол жанкештiлерi мен жанкүйерлерi түрлi психикалық және жүйке ауруларына ұшырайды. Бұл оларды жүрек талмасына, қант диабетiне, ерте қартаюына және басқа сырқаттарға әкелiп соқтырады. Техникалық прогрестiң өркендеуi адамның қозғалыс жүйесiне тежеу салып, оның әлсiзденуiне және толығып iсiнуiне жол ашып бередi. Жеке және көпшiлiк айналысатын спорт түрiнен футбол тек таңдаулы топ қана айналысатын қызыққа айналып кеттi, ал басқалары тек көрермендер болып қалды, – дейдi Ливия лидерi М.Каддафи футбол жөнiнде таратқан мәлiмдемесiнде. Белгiлi саясаткер Әлем бiрiншiлiгiне дейiн де жалпы, спорт жөнiнде өз ойларын бiлдiре келiп, билiк бұқараның қолына тигенде ғана спорт халықтыкi болады. Ұжымдық спорт – бұқаралық iс. Спорттық сауықтыру және көңiл көтеру құралы ретiндегi пайдасын ескерсек – бұл бүкiл халықтың құқы. Халық барлық қажетпен қамтамасыз етiп, бүкiл шығынын төлеп жатқанда спортшы жекелеген адамдардың немесе адамдар тобының ғана игiлiгiне айналдырып, олардың спорттың сауықтырушылық және тәрбиелiк жағын жеке мақсаттарына пайдалануына жол беруге болмайды, деп бүгiнгi ФИФА ұйымына реформа жүргiзудiң жолдарын көрсетедi. Екiншiден, футбол жеккөрушiлiк, рассизм, өшпендiлiк қаупiн өршiтуде. Егер ФИФА-ны алғаш құруға ұсыныс жасағандар қазiр тiрiліп келсе, олар ФИФА-ны қайта таратуға да ұсыныс жасаған болар едi. Олар ФИФА-ны алғаш құрғанда адамдар арасындағы достық, өзара түсiнушiлiк сезiмдерiн оятуға ықпал жасауды көздеген болатын. Бiрақ бәрi керiсiнше болып шықты. Халықтар арасындағы жек көрушiлiк өршiп барады. Рас, футбол ойынында қарсыласты тұқырту, ар-ожданына тиiсу белең алып тұр. Оған осының алдындағы әлемдік доп додасындағы финалдық ойындағы Италия құрамасының ойыншысы Марко Матераццидiң Зинедин Зиданға айтқан жалғыз ауыз сөзi – дәлел. Футбол сахнасындағы осы бiр инцидент төңiрегiнде алыпқашпа әңгiмелер әлi толастар емес. Жұмбақ күйiнде қалған белгiсiз оқыс қимылдың шешуiн араға уақыт салып, автордың өз аузынан естiп, бiр сiлкiнiп қалдық. Анасы мен қарындасының абырой-беделiн қорғау үшiн тұтқиыл әрекетiмен жауап берген атақты ойыншы намысын қорғап қалды. Әйтсе де оның адам психологиясына әсерi сол ұстынында сақталып қалды. Бұл әрекет көрермендер көңiлiнде де үлкен қобалжу тудырды. Белгiлi бiр команданың ұпайына ақша салу – күпәрә күнә, ал команданың жақтастарына қырын қарау – ынсапсыздық, ойын кезiнде, өзiн-өзi билей алмау және бей-берекетсiз анайы сөз айту – барып тұрған нақұрыстық. Қазiргi әлем бiрiншiлiктерiнде ұлтшылдық пен милитаристiк рух өршiп барады. Футбол ойындарында жалау көтеру, ұлттық әнұран ойнатып, оны қосылып айту өршiлдiгiңдi көтередi десек те, ол ойынды тамашалаушы екi жақты жақтаушылардың ашу-ызасын тудырады. Жалпы, спорт, оның iшiнде футбол көп жағдайларда саяси әрекетке жол ашып берiп отырғанын байқаймыз. Мысалы, Чехия мен Гана ойынынан соң, Гана ойыншысы Пейнтсилдiң стадионға Израильдiң жалауын құрметпен алып шығуы – көпшiлiктiң қан қысымын көтерiп жiберген. Гана ойыншысының алаңға Израильдiң жалауын көтерiп шығу арқылы онсыз да өршiп тұрған араб-израиль дауында өз елiнiң кiмдi жақтайтынын бiлдiру ме? Теңбiл доптың тербелiсiнен саясат iздеудiң қажетi жоқ деушiлер де табылады. Алайда ала доптың үрленуiнен бастап, үлкен саясаттың ауылы онымен (доппен) бiрге көшiп жүредi. Әлем бiрiншiлiгiне тұңғыш рет қатысып, нәтижелi ойын көрсеткен Украина құрамасының бас бапкерi Олег Блохин Украинада президент сайлауы науқанында елдегi беделдi тұлғалар мен танымал спортшылардың кiмдердi қолдағандары жөнiнде әңгiме болғанда Украина Жоғарғы Радасының депутаты ретiнде ел парламентiнiң регламент жөнiндегi комитетiнiң қысымымен қоғамдық негiзде атқаратын құраманың бас бапкерлiгiнен отставкаға кетуге мәжбүр болған жоқ па едi?! Саяси қатерге ұласпайтын символикалық қақтығыс тек футболға ғана тән. Бiрақ ол көз iлеспес жылдамдықпен атқарылса ғана салтанат құрады. 1986 жылғы Әлем бiрiншiлiгiнiң ширек финалында Аргентинаның футбол жұлдызы Диего Марадона Англия құрамасының қақпасына жымын бiлдiрмей қолмен доп салып, жартылай финалға шығып, одан әрi әлем чемпионы атанғаны бүгiн әйгiлi болып отыр. Атақты ойыншы соның өзiнен үлкен саясат жасады. «Бiз бұл жеңiстi ұрлап алдық. Кiмде-кiм ұрлықшыны тонаса, сол жүз жыл бойы кешiрiледi» деп жауап бердi. Оның ненi меңзеп отырғандығы белгiлi. Екi ел командалары ойынынан төрт жыл бұрын Аргентина мен Англия арасында Фолкленд аралдары үшiн қарулы қақтығыс туып, аралға Англия өз билiгiн орнатқан болатын. Атақты футболшы «ұрлықшыны тонауда» соны сайыпқыранның сөзiмен жеткiзiп отыр. Өткенде Франция мен Ирландия құрамаларының әлем біріншілігіне іріктеу кездесуінде Франция құрамасының шабуылшысы Тьери Анри допты қолымен түзетіп, әріптесі Виллиям Галласқа пас беріп жеңісті қолдан ұрлап кетті. Футбол ойынының халықтар арасында жеккөрушілік тудырғаны соншалық Германия қлубына ойнауға шақырылған Египет ойыншысының: «Мәселе ақшада емес, бұл мемлекеттік мәселе, себебі мені шақырған клубта Алжирліктер көп ойнайды және ол клубтың бас бапкері ұлты жағынан еврей болғандықтан мен бұл ұсыныстан саналы түрде бас тарттым»,– деді. Футбол ойындары мемлекет араздығын тудырып қана қоймай, ескi дәуiрлерден келе жатқан өшпендiлiк пен зұлымдықтарды еске түсiрiп, мағынасыз соғыстардың қоламтасында түртiп қояды. 2004 жылғы Азия кубогы жолындағы жарыста қытайлық жанкүйерлер 1930 жылдардағы жапон солдаттарының әскери киiмiн киiп, жапон командасының ашу-ызасын тудырды. Одан басқа қытайлық фанаттар «300000» деген жазуы бар ұрандарды көтерiп шықты. Бұл – 1937 жылы жапон солдаттарының қолынан қаза тапқан қытайлықтардың санының көрсеткiшi болатын. Осыларды көре тұра, футбол алаңында елес кезiп жүрген сана соғысына қалай тосқауыл қоясың?! Тарих көшiне үңiлер болсақ, 1970 жылы Гондурас пен Сальвадор командалары арасындағы ойын өзара соғысқа ұласып, нәтижесiнде көптеген адамның өлiмi мен 30 мың адамның ауыр жарақат алуына әкелiп соқтырғанын бiлемiз. Бұл – бiр ғана футбол ойынының шеңберiнен шыққан дау мен лаң. Әлем бiрiншiлiгi жанкүйерлер үшiн үлкен мереке болса да, өздерi көңiлi кеткен ойыншыны бiр сәттiк қателiгi үшiн кешiрмейтiн кездері де болған. Мысалы, бразилиялық фанаттар әлем бiрiншiлiгiнде өз мүмкiндiгiнен төмен ойын көрсеткен Роналдиньоның Рио-де-Жанейродағы әкесiнiң үйiн тонап, бар жиған бағалы бұйымдарын үптеп кеткен. Үшiншiден, ФИФА ұжымы қаржы жасыратын жемқорлардың ұясына айналды, оның айналасында түрлi құжаттар жасалынуда, – дейдi Ливия лидерi одан әрi. Жоғары табыс табу, билеттердiң құнын көтеру жолында түрлi күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау әрекеттерi бой көрсетуде. ФИФА – адам саудасымен де айналысып отыр. Ойыншыларды бiр командадан екiншi бiр командаға немесе басқа елдерге сату, сатып алу кеңiнен етек жайған. Ал кедей елдерден шыққан ойыншылар құлдықтың кебiн киiп жүр. ФИФА – құлиеленушiлiк дәстүрiн қайтадан жандандырып, Африка мен Латын Америкасы елдерi мен Еуропа мен Америкаға адамдар сатуды тағы да бастап бердi. Мұндай теңгермеушiлiкке кедей тұратын Африканың, Латын Америкасының және Азия елдерiнiң жас, талантты ойыншылары ұшырауда. Әлем бiрiншiлiгiн өткiзуге тек бай елдердiң ғана мүмкiншiлiктерi бар, ал кедей елдер ФИФА басшылығына қанша жерден өтiнiш айтып басын жерге исе де, тiптi қолда бар барлық ресурстарын жұмылдырса да мүмкiншiлiк жоқ. Себебi мұндай жарысты өткiзу үшiн стандартқа сәйкес стадиондар қажет. Ал ондай стадиондар көптеген мемлекеттерде жоқ. Сол себептi әлем чемпионатын өткiзу тек бай мемлекеттердiң еншiсiнде деген ой туындайды. Осыған орай ФИФА-ны халықаралық ұйым деп санау дұрыс емес, себебi, ол барша қауымдастықтың мүддесi үшiн қызмет етпей отыр. Ливия көсемi осылардың бәрiн айта келiп, алдағы уақытта ФИФА-ның қаржы көздерiн кедей елдер өздерiнiң инфрақұрылымдарын дамытуға, әсiресе спорт жүйелерiн жолға қоюға пайдалануға қол жеткiзу жолдарын ұсынады. Қазiр ФИФА мемлекеттерге аз ғана шығын шығарып, өзiнiң қаржылық қорын миллиардтап толтырып жатыр. Жиналған мол қаржы футбол ойындарына бәске тiгiлiп немесе футбол бизнесi жолындағы сауда-саттыққа жұмсалып жатқанын бiлемiз, – дейдi Ливия басшысы. Ой, ұсыныс дұрыс-ақ. 2006 жылғы Әлем бiрiншiлiгiнде бәске қойылған құнның жалпы қоры 250 миллиард долларды құрапты. Ал 2004 жылы АҚШ-та өткен барлық спорт шараларына кеткен шығын 200 миллиардқа жетiптi. Сонда осыншама қаржы қай мемлекеттiң мұқтажына жұмсалды?.. Егер осы қомақты қаржының бiр бөлiгi әлемдегi кедейшiлiкпен күресуге, түрлi ауруларға қарсы тұруға және қоршаған ортаны сауықтыруға жұмсалса, адамзатқа келтiрген бiр пайдасы болар едi. Пiкiр бiлдiрушi футболдан әлем бiрiншiлiгiнiң радиостанциялар мен теледидарлардан көрсетудiң өзiнде алалау барлығын да ашып көрсетiп отыр. Соңғы әлем бiрiншiлiгiн стадиондарда отырып тамашалағысы келетiндердiң саны 10 миллионға жетiптi. Ал нақты саудаға түскен билеттер 800 мың адамды қамтамасыз еткен көрiнедi. Ал жүргiзiлген зерттеулер нәтижесi бойынша, әлем бiрiншiлiгiнiң телеаудиториясы 2002 жылмен салыстырғанда 26 пайызға өсiптi. Әйтсе де қазақстандық барлық жанкүйерлер әлем бiрiншiлiгiн тамашалады десек, қателескен болар едiк. Төрт жылда бiр қайталанатын допдодасын Алматы маңындағы Кеген ауданы мен Ақсуаттық жанкүйерлер көре алмады. Қазiр адамзат қоғамы түрлi өзгерiске түсiп, оның жетекшi буыны модернизациялану үстiнде. Әлемдiк қауымдастық тарапынан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының iс-қимылына да өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi сұралуда. Демек, ФИФА-ға ХХI ғасыр формуласына сай өзгерiстер енгiзу қажеттiгi туындап отырған сияқты.

Азат ҮСЕН, АЛМАТЫ

http://ushqiyan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Алдыңғы жаңалық
ОЙНАЛМАҒАН ОЙЫН
Aladop Youtube
×