Футболға ұқсайтын шахмат ойыны бар бізде

16.04.2021, 17:38
Әлемге әйгілі шахмат ойыны мен Қазақстан футболының ұқсастығы неде?
Футболға ұқсайтын шахмат ойыны бар бізде

- Ассалаумағалейкум, ата!

- Уағалейкумассалам, балам!

- Ата, шахмат ойнасам ба деп келіп едім сізге.

- Кел, ойнасақ ойнайық. Менің биылдыққа алған шахматымды көрген боларсың.

- Жоқ, ата. Естуім бар, бірақ, көрмедім. Әр тасты, әр түрлі мемлекетте жасатыпсыз деп естідім.

- Иә, балам. Сербия, Болгария тағы басқа мемлекеттерден алдырттым. Мынау, Беларусия мен Ресейден келген тастарды тегін жасаттым.

- Ой, ата Қазақстанда да барғой мұндай тастар. Оның үстіне сапасы да бұлардан кем емес. Бағасыда қол жетімді. Бастысы, отандық өнім.

- Балам, зейнетақыны мемлекет береді. Тіпті, мұхиттың арғы жағына да бірнеше тасқа тапсырыс беріп қойдым. Ол ақшаның сұрауы жоқ. Сондықтан еш алаңдама. Бірақ, ұлтжанды болғаныңа ризамын.

- Жарайды, ата бастаңыз.

- Өзің тәп-тәуір жүргізеді екенсің ойынды. Бірақ, балам, шахмат деген жәй ғана ойын емес. Барлығы бірге жұдырықтай жұмыла өнер көрсететін ойын. Барлығын ұйымдастырып отырған сенің шешіміңе тікелей байланысты. Әр, тасты өзінің орнымен қолдансаң, дұрыс тактика құра білсең жеңісте сенікі болмақ.

- Дұрыс айтасыз ата. Дегенмен менің өз жұмысым бар. Ата-анам шахмат үйірмесіне бар деп ақша берген соң, әйтеуір барып ойнап тұрамын. Шахматты үйреніп алдым, өзіңіз көріп отырғандай мықты болмасада ойнап білемін. Өзіңіз айтпақшы менен бұл үйірмеге кеткен ақшаның есебін, нәтижесін талап етіп, ешкім сұрамайды. Сол, себепті менің ойнымдағы қателікке мән бермеңіз.

- Айтпақшы, ата, өткен жылы біздің "Қайрат" чемпион болды көрдіңіз бе?

- Нені айтасың, балам?

- Футбол ғой, атау! Футбол қарамайсыз ба?

- Жоқ. Біздің елде футбол бар ма?

- О, не дегеніңіз, ата?

- Е, балам, бізде футбол жоқ. Сенің айтып отырғаның футболға ұқсас шахмат ойыны ғой. Біздің футбол, менің тастарым секілді әр елден алдыртып алған ойыншылар, зейнетақым секілді оңды-солды шашылған мемлекет ақшасы, сенің үйірмеңе кеткен еш есебі сұралмайтын қаражат секілді. Осы ма футбол деп отырғаның?

Жеткен жетістіктері мен жұмсалған қаражатты салыстырсаң өмірден түңіліп кетуге болады. Өзгелердің шахмат секілді қылып өз қалағанын жасап, қаражатқа құрылған ойынына уақыт кетіргенше, өзімнің футбол деп ойнайтын шахматым жақсы, балам.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×