«Шахтер» клубы жаңа бас бапкер тағайындады

16.04.2021, 16:37
Адиев футболшы ретінде қазақстандық «Жеңіс» сапында өнер көрсеткен.
«Шахтер» клубы жаңа бас бапкер тағайындады

Ресейлік маман Магомед Адиев қарағандылық "Шахтердің" жаңа бас бапкері болып тағайындалды. 43 жастағы жаттықтырушы "Нижний Новгород", "Ахмат" (Грозный), "Анжи" (Махачкала) және "Чайка" (Песчанокопское) сияқты клубтарда жұмыс істеген.

Футболшы ретінде ол ЦСКА (Мәскеу), "Анжи", "Сокол" (Саратов), "Жеңіс" (Нұр-Сұлтан), "Терек" (қазіргі Ахмат), "Кривбасс" (Кривой Рог) және "Нижний Новгородта" өнер көрсеткен.

Ол Ресейдің олимпиадалық құрамасында төрт матч өткізіп, екі гол соққан.

2004 жылы "Терекпен" Ресей Кубогін жеңіп алды. Екі рет (2004, 2007) Ресей чемпионатында бірінші дивизионның жеңімпазы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×