«Манчестер Ситидің» басты трансферлік мақсаты белгілі болды

16.04.2021, 21:56
«Қалалықтар» бұл ойыншы үшін үлкен көлемде қаражат бөлуге дайын.
«Манчестер Ситидің» басты трансферлік мақсаты белгілі болды

"Манчестер Сити" жазғы трансферлік терезеде құрамды күшейтуді жоспарлауда.

Football Insider басылымының хабарлауынша, "қалалықтардың" сатып алғысы келетін ойыншыларының тізімінде "Астон Вилланың" жартылай қорғаушысы Джек Грилиш бірінші орында тұр. "Манчестер Сити" Грилиштің "Астон Вилламен" жасасқан (2025 жылға дейін) келісім-шартында көрсетілген өтемақыны төлеуге дайын.

Гришиш - "Астон Вилла" клубының түлегі және 2012 жылдан бастап осы команданың намысын қорғап келеді, өткен жылдан бастап Англия құрамасына шақырту алып жүр. Осы маусымда 25 жастағы жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасының 22 ойынына қатысып, 6 гол соқты, 10 нәтижелі пасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×