Гүлжігіт Алықұлов «Қайратпен» келісім-шартын ұзартты

16.04.2021, 22:46
Жаңа келісім-шарт екі жылға есептелген.
Гүлжігіт Алықұлов «Қайратпен» келісім-шартын ұзартты

"Қайрат" Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұловпен келісім-шартқа отырғанын жариялады. Жаңа келісім-шарт 2023 жылдың соңына дейін есептелген. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлжігіт "Қайрат" сапына 2020 жылдың басында ауысқан еді. Өткен маусымда 20 матчқа қатысып, 2 гол мен 1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Ал биыл Премьер-лигада 5 матч өткізіп, 1 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Гүлжігіт - қырғызстандық "Дордой" клубының түлегі. Ол "Қара балта", "Алги", белоруссиялық "Неман" секілді командалардың намысын қорғаған. 2019 жылы Қырғызстан құрамасына шақырту алды. Жалпы өз елінің негізгі командасында 6 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×