Азат Нұрғалиев - «Тобыл» сапында ең көп матч өткізген төртінші ойыншы

16.04.2021, 23:23
Биыл Азат қостанайлық клубтағы тоғызыншы маусымын өткізуде.
Азат Нұрғалиев - «Тобыл» сапында ең көп матч өткізген төртінші ойыншы

"Тобылдың" 34 жастағы жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев қостанайлық клуб үшін Қазақстан чемпионатында ең көп матч өткізген ойыншылардың үздік төрттігіне енді.

Азат Нұрғалиев "Тобыл" жейдесіндегі алғашқы кездесуін 2006 жылы 8 сәуірде Павлодарда, "Энергетикке" (2:1) қарсы матчта өткізді. Ол өзінің алғашқы голын 2006 жылы 24 маусымда "Ордабасы" командасына соқты.

Биыл Азат қостанайлық клубтағы тоғызыншы маусымын өткізуде. Жалпы "Тобыл" сапында 207 матчқа қатысып, 43 гол соқты.

"Тобыл" үшін Премьер-лигада ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімі (1992-2021 жж.):

1. Нұрбол Жұмасқалиев - 448 матч;

2. Данияр Мұқанов - 217;

3. Александр Ан. Петухов - 214;

4. Азат Нұрғалиев - 207;

5. Петр Бадло - 206

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×