Футболшыны қылқындырғаны үшін жұмысынан босады

10.02.2015, 00:29
Футболшыны қылқындырғаны үшін жұмысынан босады
Англиялық «Лестер» клубының бас бапкері Найджел Пирсон кезекті рет ақылға қонымсыз қылық көрсетіп, жұмысынан айырылды. «Лестер» мен «Кристал Пэлас» арасындағы кездесуде қызықты бір оқиға орын алды. Лондондықтардың жартылай қорғаушысы Джеймс Макартур допқа күрестен соң алаңның жетегінде тұрған Пирсонның аяғына құлады. Неге екені белгісіз, Найджел бапкер оны қылқындыра жөнелді. Кейінірек бұның ол жәй ғана әзіл екенін айтқан болатын, алайда Макартур оны түсінбепті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×