"Футфристайл" жарысына кел!

21.04.2012, 01:33
"Футфристайл" жарысына кел!
Былтыр елімізде "Футфристайл" (футбол добымен өнер көрсету) атты жоба алғаш рет іске қосылды. Шетелде бұл жоба біраз жылдай өз жанкүйерін тапқан, және де әлем біріншіліктері өтіп жатыр. Футфристайл өз қызықшылығын көбінесе жастар арасында тапқан, солар бұны өз кәсібіне мен хоббиіне айналдырған. 2011 жылдың 17 сәуірінде қазақ топырағында тұңғыш рет футфристайлдан сайыс өтті (сол жарыстың бейнесюжеті http://www.youtube.com/watch?v=sBAOV_qeudk). Сол жарыста біраз жастарымыз, аз болсада, өз күшін сынады. Бір жыл өте болашағынан үміт күтетін сайыскерлер дайындық үстінде. Бәлкім футфристайлдан әлем чемпионы Тараздан шығар, мүмкін ол жігіт Астанада тұрып жатқан шығар, алматылықтар келіседі ме бұған. Осы және басқа сұрақтарға жауабы жақын арада белгілі болады. Енді міне бәрі күткен сайыс – Бірінші Алматы Ашық Чемпионаты – жүлде қоры 100 000 тенге. Жарыс ертең, 21 сәуірде, СПУТНИК сауықтыру орталығында өтеді. Басталуы 11-00. Жарысқа төрешілік ететін, өз ісінің майтлмандары. Атап айтқанда, шеберлікті бағалайтын азаматтар, аты аңызға айналған ҚАЙРАТ футболшылары - Құралбек Досжанұлы Ордабаев пен Сергей Волгин. Өнер жағын бағалайтын шоу-бизнес жұлдыздары, Ерлан Кокеев және Мурат Мутурганов. Жігіттердің креативтік нөмірлеріне ұпай қоятын белгілі журналистер, Төлеген Жұмабеков (КТК) және Ақын Ордабайұлы (СТВ). Қазақ жігіттеріннің доппен қандай трюктар жасайтынын көргілеріңіз келсе, қалмаңыздар бәйгіден. Ізгі ниетпен, бауырларыңыз Шынасылов Қуандық Жақсылықұлы Анықтама – 8707-334-76-55, 8-777-231-40-77.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×