«Спартактың» құрылғанына – 90 жыл

20.04.2012, 08:27
«Спартактың»  құрылғанына – 90 жыл
18 сәуір – Мәскеулік «Спартак» командасының құрылғанына 90 жыл толады. 1922 жылы дәл осы күні мәскеулік «Красная Пресня» ауданының спортшылары «Спартак» клубын ( МКС «Московский кружок спорта») құрған екен. 1935 жылға дейін команда  "Красная Пресня", "Пищевики", "Дукат", "Промкооперация" деген атаулармен аталған. Ал сол 1935 жылдан бастап команда «Спартак» деген атқа ие болып, әлі күнге дейін осылай аталып келеді. «Спартак»-ресейдегі бірден бір танымал клубтардың бірі. Тоқсан жылдық тарихында бұл команданың жеткен жетістіктері мен алған асулары ауыз толтырып айтарлықтай. 12 рет СССР чемпионы, 9 мәрте Ресей чемпионы атанса, СССР кубогын 10 рет, Ресей кубогын 3 рет төбесіне көтерген екен. ТМД көлемінде өтетін «Достастық кубогының» 6 мәрте жеңімпазы атанса, 3 рет еуропалық турнирдің жартылай финалына жеткен команда. Совет одағының кезінде «Спартак-нағыз халықтық команда» деген «тұжырымды» атты иеленген де екен. Бұл команда тарихында талай аты аңызға айналған аяқ доп шеберлері өнер көрсетті. Он жеті чемпионатта  «Спартак» ойыншылары мергендер көшін бастаса, 12 мәрте бұл команданың қақпашылары ең үздік қақпашылар болып танылған екен. Солардың бірі-1988 жылғы әлемнің үздік қақпашысы Ринат Дасаевты атап айтуға болады. Бүгінгі таңда «Спартак» командасы Ресей чемпионатында екінші сатыда келеді. Көш басындағы «Зенитпен» арадағы ұпай айырмасы-он екі. Бұл екі ұжым 43 турда бір-бірімен кездесетін болады.

    Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×