Chelsea Barcelona-ның "ребустарын" шешіп кетті

19.04.2012, 18:21
Chelsea Barcelona-ның "ребустарын" шешіп кетті
Бүгін "Челси" пен "Барселона" Лондондағы "Стэндфорд Бридж" стадионында ойнады. Barcelona бұл ойында допты 80 пайыз уақыт өз иелігінде ұстады. Chelsea-дің қақпасына 26 рет допты тура бағыттап тепті. Ал, Chelsea қақпаға бір ғана тура соққы жасады және Дрогба тепкен жалғыз доп бұл командаға жеңіс әперді.
Barcelona командасына гол соққан Chelsea шабуылшысы Дидие Дрогба. Лондон, 19 сәуір 2012 жыл.
Спорт комментаторы Есей Жеңісұлының айтуынша, Barcelona командасының ойыны жаттанды болып барады. "ГОЛ МЕССИДІҢ ҚАТЕЛІГІНЕН БОЛДЫ"Есей Жеңісұлы "Месси Barcelona ойыншыларына қаншама керемет пастар шығарып берді, бірақ Мессидің шеберлігін әріптестері пайдалана алмады" деген пікірде. Ол: - Мысалы кешегі гол неден болды? Лэмпард Мессиден допты алаң ортасында тартып алды да алға қарай Рамиреске асырды. Рамирес допты кеудесімен тоқтатып, жерге түсірместен оң қапталда келе жатқан Дрогбаға пас берді. Екі қорғаушының ортасынан «қиып» беріп, Дрогбаны қақпашымен бетпе-бет шығарды,- дейді.
Лионель Месси. Цюрих, 10 қаңтар 2011 жыл.
​​ Спорт комментаторы Barcelona-ның ойыны іш пыстырады дейді. "Екі гений бар - Иньеста мен Хави. Олар доптың қайда баратынын, қандай қырмен беретінін, кімнің ашылып, кімнің жабылып тұрғанын, кімге қандай пас беру керегін - бәрін ұйымдастырады. Barcelona-ның ойыны қазір шахмат сияқты. Ойыншылар алдағы он-он екі жүріске дейін ойлап тұрады. Басқа командаға еш мүмкіндік қалдырмайды. Бірақ, олардың ребустарын Челси шешіп кетті" дейді. "БАРСЕЛОНАҒА ЖАҢБЫР КЕДЕРГІ ЖАСАДЫ" Спорт комментаторы Мәулен Ермұхаметтің пікірі жоғарыда айтылғандардан бөлек. Оның сөзіне қарағанда Челси бұл матчқа аса тыңғылықты дайындалған: - Бір матчты кез келген команда тыңғылықты дайындалып, жақсы өткізе алады ғой. Челси осы ойынға бүкіл күшін салды. Бірақ, бұл жерде Barcelona ойыншыларына жаңбыр қатты әсер етіп кетті. Осы жаңбырдың кесірінен олар қысқа пастармен жасайтын әдемі комбинацияларын көрсете алған жоқ. Ал ағылшындар жауынның астында екі күннің бірінде футбол ойнайды, әбден үйреніп алған. Оның үстіне Barcelona кеше сырт алаңда ойнады. "ЭШЛИ КОЛДЫҢ ЕРЛІГІ" Есей Жеңісұлы "Челсидің бапкері Диматео өте мықты тактик екенін көрсетті" деген пікірде. "Оны мойындауымыз керек" дейді. Ол:
"Қазақстан" телеарнасының спорт-комментаторы Есей Жеңісұлы. Сурет жеке мұрағаттан алынды.
​​ -  Әдетте Barcelona-ның оң қапталында Дани Алвес жүретін. Осы жолы Barcelona-ның жұмбағы Санчес болды. Дани Алвестің қасына Санчесті қосып, Barcelona оң қапталмен шабуылды үдетті. Бұл Челсиге ауыр тиді. Barcelona - кез келген сәтте ойынның «суретін» өзгертіп жібере алатын команда. Челси Barcelona-ның қандай жұмбағын шешкенін айтайын ба - Эшли Кол Алвестің қасына қосылған Санчесті - екеуін де еркінсіткен жоқ. Төтеп берді. Barcelona Milan командасымен ойнағанда Алвес оң қапталдың қожайыны болған, былайша айтқанда "билеген". Бұл жолы оның қасына Санчесті қосқан күннің өзінде тіпті Эшли Кол шабуылға шығып кетіп тұрды. Barcelona ойынның соңына қарай тактиканы тағы өзгертіп көрмек болды. Хавиді алып тастады - Альтентароны шығарды, Санчесті де алып тастады - Родригесті шығарды. Фабрегастың орнына Куенконы шығарды. Бұл тың ойыншыларға де Челси командасы төтеп берді. "ФИНАЛҒА КІМ ШЫҒАДЫ?" Финалға қай командалар шығады деген сұраққа екі сарапшы екі түрлі болжам айтты. Есей Жеңісұлы Челси мен Bavaria шығады деп ойлайды: - Мен Челси бұл жолы финалға шығады деп ойлаймын, - дейді ол.
Барселона мен Реал Мадрид командаларының арасындағы ойын. (Көрнекіс сурет)
​​ Мәулен Ермұхамет бұл болжамның Bavaria командасына қатысты жеріне ғана қосылғанымен, Челси ақтық ойынға қатыспайды деп ойлайды. Ол: - Бүкіл жағдайлардың барлығын есептеп айтқанның өзінде Barcelona-ның финалға шығатынына күмәнім жоқ. Финалда Barcelona және Bavaria командалары кездеседі. Оның үстіне Barcelona-ны төрешілер де алға сүйреп келеді. Сондықтан мен бұл команданың финалға шығатынына күмәнім жоқ,- деді. Қазір Чемпиондар лигасының жартылай финалы басталды. Сәуірдің 17-сі күні Bavaria командасы Реал Мадридті өз алаңында 2-1 есебімен ұтты. Бүгін Челси Barcelona-ны 1-0 есебімен ұтты. Келесі апта қарымта ойындар болады. Ал финал 19 мамырда Германияда, Мюнхен қаласындағы "Альянс Арена" стадионында өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×