Футзалдан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы команда белгілі болды

30.09.2021, 16:37
Бүгін Қазақстан құрамасы Португалиямен күш сынасады.
Футзалдан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы команда белгілі болды

Футзалдан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама анықталды. Жартылай финалдағы алғашқы жұпта Бразилия мен Аргентина шеберлік байқасты.

Екеуі де футзал әлемінде беделі жоғары құрамалар. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты ойын күтті. Кездесу барысы дәл солайша өрбіді.

Бірінші кезеңде аргентиналықтар сапынан Константино Вапораки 11, Кристиан Борруто 13-минуттарда мергендік танытты. Оған бразилиялық құрамадан Феррао 17-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша Аргентина қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды. Оған 30 қыркүйекте өтетін жартылай финалдағы Қазақстан мен Португалия жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.

Айта кетейік, Аргентина 2016 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Ал Бразилия 5 мәрте алтыннан алқа тақты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×