Роберт Левандовски Чемпиондар лигасында ерекше рекорд орнатты

30.09.2021, 19:05
Шабуылшы кешегі ойында дубль жасады.
Роберт Левандовски Чемпиондар лигасында ерекше рекорд орнатты

"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар Лигасы тарихында турнирдің қатарынан 18 матчтында жеңіске жеткен бірінші ойыншы атанды, деп жазды OptaJose порталы.

Бұл Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында Киевтің "Динамосымен" болған матчта орын алды. Кездесу Мюнхендегі "Альянц Аренада" стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде поляк шабуылшысы дубль жасады.

"Бавария" екі матчта 6 ұпай жинады және Е тобында көш бастап тұр. Бенфика (4) екінші орында. "Динамо" (1) үшінші орында тұр. Түрнирлік кестені "Барселона" (0) түйіндеп тұр.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында "Динамо" "Барселонамен" кездеседі, ал "Бавария" "Бенфикамен" ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×