Футзалдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары анықталды

14.05.2021, 20:38
Сауалнамаға әр клубтың капитандары, бас бапкерлері мен басшылары қатысты
Футзалдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары анықталды

Футзал клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша футзалдан Қазақстан Чемпионатының үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

«Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов топ жарды. Ойыншы 9 дауыс жинады. 


«Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» капитаны Игитаға тең келер ешкім болмады. Игитаны үздік деп танығандар саны - 13.


«Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік сұрмергені» атағын алматылық «Қайраттың» ойыншысы Эдсон иеленді. Бразилиялық шабуылшы 39 гол соғып, үздік шықты.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×