«Қайрат» АФК Қазақстан чемпионы атанды

14.05.2021, 20:19
Алматылық клуб финалдағы үш матчта да жеңіске жетті.
«Қайрат» АФК Қазақстан чемпионы атанды

"Қайрат" футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясындағы үшінші матчта "Атырауды" жеңіп, ел чемпионы атанды.

Кездесу Нұр-Сұлтанда өтіп, 8:3 есебімен алматылық клуб жеңіске жетті. "Қайрат" сапында Диего, Дуглас, Бауыржан Өмірбаев, Эдсон (дубль), Біржан Оразов (дубль) және қақпашы Игита гол соқты. "Атырауда" Болат Сарбасов, Эвертон және Эрик Данило көзге түсті.

Осылайша, Кака шәкірттері финалдық сериядағы үш ойында да жеңіске жетті. Айта кетейік, "Қайрат" қатарынан 18 рет Қазақстан чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×