Криштиану Роналду «Спортингке» қайта оралмақ

14.05.2021, 20:01
Роналду бұл үшін жалақысын қысқартуға да дайын екен.
Криштиану Роналду «Спортингке» қайта оралмақ

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Спортингке" қайта оралады, деп хабарлайды Cuatro.

Дереккөздің айтуынша, Роналду "Спортингке" ауысу үшін туриндік клубпен келісім-шартты бұзғысы келеді. Португалиялық шабуылшы өзі тәлім алған клубқа қайта оралу үшін жалақысын айтарлықтай қысқартуға дайын.

Еске салайық, Криштиану Роналду өзінің кәсіби мансабын "Спортинг" командасында бастады. 1997 жылдан 2002 жылға дейін ол потугалиялық клубтың жастар командасында өнер көрсетті, содан кейін 2003 жылы "Манчестер Юнайтедке" ауысқанға дейін бір маусым бойы негізгі құрамда доп депті. "Спортинг" үшін Роналду 31 матч өткізіп, бес гол соқты.

Қазір футболшы "Ювентус" сапында ойнап жүр. 36 жастағы шабуылшының туриндік клубпен келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×