Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде үшінші орынға көтерілді

08.03.2021, 20:11
Ұлттық құрамамыз бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі.
Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде үшінші орынға көтерілді

Қазақстан ұлттық құрамасы 2112,206 ұпай жинап, УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде үшінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Биыл Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасымен бір ойын өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін Беларусь құрамасымен қарымта ойын өтеді. «Qazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Матч елорда уақытымен 22:30-да басталады.

УЕФА футзал құрамаларының рейтингі:

1. Испания – 2247,620 ұпай.

2. Ресей – 2130,453.

3. Қазақстан – 2112,206.

4. Португалия – 2080,694.

5. Әзірбайжан – 2030,624.

6. Хорватия – 2003,347.

7. Италия – 1990,683.

8. Чехия – 1924, 724.

9. Сербия – 1876,073.

10. Украина – 1861,752.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×