«Ливерпуль» жанкүйерлері Килиан Мбаппенің трансферіне қаражат жинауды бастады

08.03.2021 17:03 АПЛ

Бұл шараға тек Англиядағы емес, бүкіл әлемдегі жанкүйерлер қатыса алады.

«Ливерпуль» жанкүйерлері Килиан Мбаппенің трансферіне қаражат жинауды бастады

"Ливерпульдің" жанкүйерлері "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің мерсисайдтық клубқа ауысқанын қалайды.

Ағылшын клубының екі жанкүйері "GoFundMe" деп аталатын қорға француз футболшысының трансферіне қажетті қаражат жинауды бастады. Жиналуы тиіс сома 250 миллион фунт стерлингті (290,5 миллион еуро) құрайды.

"Ливерпульде" мұндай трансфер жасауға ақша жетіспейтіндіктен, біз оны өз мойнымызға алып, әлемдегі барлық жанкүйерлерден қаражат жинаймыз деп ойладық. Футбол әлемін дүр сілкіндірейік. Әлемде "Ливерпульдің" шамамен 100 миллион жанкүйері бар. Егер барлығы қатысатын болса, бір жанкүйерге 2,5 фунт стерлингтен түседі, содан кейін біз Килианмен келіссөздер жүргізу үшін жеткілікті ақша жинай аламыз. Клуб тарихындағы ең қымбат трансферді жасау үшін бірігейік. Тарихты өзгертетін кез келді", - делінген жанкүйерлердің хабарламасында.

4 пікір

  1. Месси

    Месси

    09.03.2021 14:10

    Ура мен килианның орынына барам

  2. Фирмино

    Фирмино

    09.03.2021 01:12

    Заменада шритін болдым

  3. Мо Салах

    Мо Салах

    08.03.2021 21:51

    Қаям жеген аққулар

  4. Мбаппе

    Мбаппе

    08.03.2021 21:24

    Да ну