Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды

20.09.2021, 14:22
Плей-офф кезеңіндегі матч 23 қыркүйекте өтеді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайланд құрамасымен ойнайды.

Таиланд топтағы үшінші матчын өткізіп, үшінші орын алғаннан кейін Қазақстанның қарсыласы атанды. Бірінші турда Таиланд Португалиядан 1:4 есебімен ұтылса, екінші айналымда Мароккомен тең түсті - 1:1, содан кейін Соломон аралдарын 9:4 есебімен ұтты. С тобында Португалия 7 ұпай, Марокко - 5, Тайланд - 4, Соломон аралдары - 0 ұпай жинады.

Қазақстан - Таиланд матчы 23 қыркүйекте Каунас қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Сондай-ақ, 1/8 финалда Венесуэла Мароккомен, ал Ресей Вьетнаммен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Коста-Риканы (6:1) және Литваны (3:0) жеңді және Венесуэламен тең ойнады (1:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×