Құрбан Бердыев: «Ойынға көңілім толды»

20.09.2021, 15:40
«Қайрат» келесі кездесуін Қазақстан Кубогінде «Қайсарға» қарсы өткізеді.
Құрбан Бердыев: «Ойынға көңілім толды»

"Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев "Қызыл-Жармен" болған матчты (1:0) қорытындылады:

Ойын біз ойлағандай оңай болған жоқ. "Қызыл-Жар" - жақсы ұйымдастырылған команда, қарсы шабуылдарға жақсы шығады. Жалпы, ойынға көңілім толды. Құрылымдық жағынан біз қорғаныста және шабуылда дұрыс ойнай бастадық, негізінде бұлай ойнау өте қиын. Жігіттер ойынға қалай бейімделу керектігін біледі, кейбір сәттерде қолдарынан келмей жатты және бұл табиғи нәрсе. Қалай болғанда да, бұл ойынға қанағаттандым.

Біз қазір мүмкіндіктерді жүзеге асыру бойынша көп жұмыс істеп жүрміз. Осы тұрғыда бар айып маған тағылады, мүмкін мен бірдеңені дұрыс істемеген шығармын.

 - Еурокубок матчынан кейін ойнау қиын ба?

 - Иә, әрине, қайта қалыпқа келу психологиялық тұрғыдан қиын, бірақ жігіттердің бұған бейімделгеніне қуаныштымын. Мен еурокубок матчтарындағыдай көңіл-күй болмайтын шығар деп уайымдадым, бірақ Аллаға шүкір - бүгін бәрі ойдағыдай болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×