«Қайсар» клубының директоры қызметінен кетуі мүмкін

20.09.2021, 18:47
Қызылордалық ұжым дәл қазіргі сәтте 13-орыннан көтеріле алмауда.
«Қайсар» клубының директоры қызметінен кетуі мүмкін

"Қайсар" футбол клубының басшылығында өзгерістер орын алуы мүмкін. "Гол емес!" телеграм арнасының хабарлауынша, клуб басшыларының бірі өз орнын босатуы мүмкін.

"Қызылордалықтар "Қайсардың" директоры Серік Досманбетов командадан кетеді деп мәлімдейді. Сенімгерлікпен басқару келісіміне сәйкес, клуб Премьер-лигадан түсіп қалмауы керек. Ал "қасқырлардың" дәл қазіргі сәтте жоғарғы дивизионда қалу мүмкіндігі нөлге тең. Іс жүзінде Досманбетов ағымдағы жылдың қарашасынан кейін клубта ресми түрде болмауы керек.

Ол жалпы капиталдың 51 пайызына ие, ал қалған 49 пайызы мемлекеттік құрылымдарға тиесілі.

Сондай-ақ бейресми ақпаратқа сәйкес, келісім-шартта директор сенімгерлік басқару кезеңінде (мерзімі - 5 жыл) ҚПЛ-да жетінші орыннан төмен болмауы керек деген тармақ бар", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×