Футзалдан Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

02.06.2021, 02:47
Турнир 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Литвада өтетін 2021 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды.

Қазақстан турнир қожайыны Литва, Коста-Рика және Венесуэла құрамаларымен бірге А тобында бақ сынайтын болады.


Турнир 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Бұл пандемияға байланысты өткен жылдан кейінге қалдырылған әлем чемпионаты. Соңғы әлем чемпионатын Аргентина құрамасының жеңіп алғанын да айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×