«Реал Мадрид» клубының жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

02.06.2021, 03:34
Карло бұған дейін де мадридтік клубты жаттықтырған.
«Реал Мадрид» клубының жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

"Эвертонның" бас бапкері Карло Анчелотти "Реал Мадридтің" бас бапкері болып тағайындалды. Бұл жайлы мадридтік клубтың ресми сайты хабарлады.

"Карло Анчелотти алдағы үш маусым бойы негізгі команданың жаттықтырушысы болады", - деп жазылған хабарламада.

Италиялық маман мадридтік клубқа қайта оралу үшін ағылшын клубымен келісім-шартты бұзуға мәжбүр болды. Клуб президенті Флорентино Перестің өзі де Карлоны шақыруға қарсы болмады.

Анчелотти "Реал Мадридті" 2013-2015 жылдар аралығында жаттықтырған. Клубтағы алғашқы маусымында ол Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті. Командадан кеткеннен кейін Карло "Бавария" мен "Эвертонды" баптады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×