
Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы және BBC арнасының танымал жүргізушісі Гари Линекер Instagram парақшасында Палестинаны қолдаған жазбасынан кейін BBC арнасынан кететінін мәлімдеді. Жазбада “Zionism explained in less than 2 mins” деген мәтін мен егеуқұйрықтың суреті болған.
Линекер бұл жазбаны байқамай бөліскенін айтып, кешірім сұрады: “Мен ешқашан саналы түрде антисемиттік ештеңе бөліспеймін. Бұл менің сенімдеріме қайшы келеді.” – деді ол.
Ол жазбаны тез арада өшіріп, BBC-мен келісім бойынша арнадан кететінін хабарлады.
BBC бас директоры Тим Дэви Линекердің қателігін мойындағанын айтып, оның арнадағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылданғанын растады. Линекердің соңғы “Match of the Day” бағдарламасы осы жексенбіде эфирге шығады.
Линекердің BBC-дегі 26 жылдық мансабы аяқталды. Ол бұған дейін де саяси пікірлерімен дау тудырған болатын.
Линекердің орнына “Match of the Day” бағдарламасын Габби Логан, Келли Кейтс және Марк Чапман жүргізеді деп күтілуде.
Линекердің бұл шешімі оның BBC-дегі ұзақ жылдық мансабына нүкте қойды. Ол алдағы уақытта "Goalhanger Productions” компаниясы арқылы подкаст жобаларын жалғастыруы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET