
“Аль-Наср” клубының бұрынғы бас бапкері Луиш Каштру Криштиану Роналдумен жұмыс істеу тәжірибесі туралы Sky Sports-қа берген сұхбатында бөлісті. Ол Португалиялық жұлдыздың 40 жасқа жақындағанына қарамастан жоғары деңгейде өнер көрсетуінің басты себебі ретінде оның “көрінбейтін жаттығуын” атап өтті.
"Криштианумен жұмыс істеу өте оңай болды. Ол жаттығу мен ойынға үлкен құрметпен қарайды, бұл күнделікті жұмысты жеңілдетеді.” – деді Каштру.
Каштруның айтуынша, Роналдуның табысы тек алаңдағы жаттығумен шектелмейді. Ол ұйқы режимі, тамақтану, қалпына келу және психологиялық дайындық сияқты аспектілерге де ерекше көңіл бөледі. Бұл “көзге көрінбейтін жаттығулар” оның ұзақ уақытқа жалғасқан мансабына керемет әсерін тигізіп келеді.
“Аль-Наср” клубында Каштруның басшылығымен Роналду 55 матчта 55 гол соғып, клубтың Арабия чемпиондар кубогын жеңіп алуына көмектесті.
Бұл туралы “Біз бірге тамаша сәттерді бөлістік.” – деп еске алды Каштру.
Каштруның пікірінше, Роналдуның табысы оның кәсіби тәртібі мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысында жатыр. Бұл қасиеттер оны футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың біріне айналдырды.
Біздің серіктес: FONBET