
Бразилияның бұрынғы футбол жұлдызы Кака ұлттық құраманың бас бапкері Карло Анчелоттидің көмекшісі ретінде қызмет етуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Cazé TV арнасына берген сұхбатында айтты.
Кака өзінің футбол мансабын 2017 жылы аяқтағаннан кейін, жаттықтырушылыққа дайындалу үшін түрлі оқуларды сәтті аяқтады. Ол Гарвард университетінде спорттық бизнес бойынша білім алып, Бразилия футбол конфедерациясының (CBF) жаттықтырушылық курстарын тәмамдаған. Кака ұлттық құрама мен әлем чемпионаттарында жинаған тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.
Карло Анчелотти мен Кака бұған дейін “АС Милан" және “Реал Мадрид" клубтарында бірге жұмыс істеген. Анчелоттидің басшылығымен Кака 2007 жылы “Алтын доп” иегері атанып, “АС Милан” құрамында Чемпиондар лигасын жеңіп алған.
Анчелоттидің Бразилия құрамасының бас бапкері ретіндегі алғашқы матчы 2025 жылдың 5 маусымында Эквадорға қарсы өтеді. Одан кейін 10 маусымда Бразилия Парагваймен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET