Гаттузо: «Кулибали кетпейді, ал Милик клубтың базасында жоқ»

12.09.2020, 15:43
«Ман Сити» Кулибали үшін көп ақша төлегісі келмейді
Гаттузо: «Кулибали кетпейді, ал Милик клубтың базасында жоқ»

«Наполидің» бас бапкері Дженнаро Гаттузо шабуылшы Аркадиуш Милик клубтың базасында жоқ екенін, қорғаушы Калиду Кулибали клуб сұраған соманы алмаса кетпейтінін растады. "Рома", "Ювентус" және "Тоттенхэммен" келіссөздер жүргізіліп жатқанда Милик "Пескараға" қарсы (4-0) жолдастық кездесуді жіберіп алды.

«Өткен жылы біз Миликпен өте ашық болғанбыз, оған келісімшартты ұзарту керектігін айттық, бірақ ол бас тартты. Аркадиуш бұл мәселе бойынша біздің пікірімізді біледі. Егер ол басқа клуб таппаса, оған оңай болмайды, өйткені біз екі шабуылшы алып қойдық. Оған орын жоқ.

Кулибали үшін клуб белгіленген бағаны сұрайды, егер клуб сұралған ақшаны алмаса, ойыншы кетпейді», - деп Football Italia Гаттузоның сөзін келтірді.

29 жастағы Кулибалиге басты үміткер "Манчестер Сити" екені белгілі. 26 жастағы Миликке "Ювентус" қызығушылық танытып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×