Вагнер Лав «Қайраттағы» жалақысы туралы айтты

12.09.2020, 13:04
Вагнер көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.
Вагнер Лав «Қайраттағы» жалақысы туралы айтты

ЦСКА-мен УЕФА Кубогының иегері Вагнер Лав «Қайратқа» ауысуының себебін және клубтағы жалақысы туралы айтты.

«Әрине, ақша жақсы, өйткені оның көмегімен мен отбасыма көмектесе аламын. Бірақ мен, әрине, ойын туралы көп ойлаймын, өйткені мен футболды жақсы көремін. Мен чемпиондықты жеңгім келеді, өйткені клуб көптеген жылдар бойы чемпион атанбаған. Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту үшін барымды саламын.

«Қайраттағы» жалақы? ЦСКА клубында алатын жалақымен шамалас. Мұнда келісімшарт ұзақ мерзімді емес, 6 айға ғана жасалған. Менің қаржылық жағдайым жаман емес, бірақ жалақым ақылға сыймайтындай ақша да емес. Мен мұнда келген себебім, жаңа чемпионатта бағымды сынап көргім келді және мен тек қана ойнағым келеді», - деді ойыншы.

Маусым айының басында Вагнер еркін агент атанған болатын, екі жақты келісім бойынша «Коринтианс» клубымен келісімшартын тоқтатты. 23 маусымда футболшы «Қайратқа» еркін агент ретінде ауысатындығын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×