Креспо: «Мессиге «Барселонадан» кету үшін әкесі емес, кәсіби маман керек еді»

12.09.2020, 12:39
Мессидің «Барселонамен» келісімшарты келесі жазда аяқталады.
Креспо: «Мессиге «Барселонадан» кету үшін әкесі емес, кәсіби маман керек еді»

Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы Эрнан Креспо Лионель Мессінің "Барселонадан" кетуге деген талпынысы туралы пікір білдірді.

«Хорхе Мессиді құрметтей отырып айтарым, менің ойымша, мұндай жағдайда кәсіби маман қажет сияқты. Әкеңізбен сөйлесу, ол сіздің агентіңіз болса да, кәсіби агентпен сөйлескенмен бірдей емес. Агент отбасылық жағдайларды және т.б. ескермейді.

Мен Хорхе Мессидің еңбегін жоққа шығарғым келмейді, бірақ сіз бұл мәселені ертерек шеше алатын адамдардың қызметінен бас тартпауыңыз керек еді. Мессидің «Барселонамен» келісімшартын ұзарту қиын мәселе емес, ол үшін үлкен тәжірибе де қажет емес. Ал осы жолғы болған жағдайда әрекет ету әлдеқайда қиын», - деді Креспо Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

7 қыркүйекте Месси Куманның жетекшілігімен алғашқы жаттығуды өткізді. Еске салайық, өткен маусымның соңында Месси келісімшарттағы тегін кетуге мүмкіндік беретін нұсқаны пайдаланып, клубын ауыстырғысы келетіндігі туралы хабарлаған болатын. Клуб басшылығы аргентиналық футболшы үшін бұл нұсқа енді жарамсыз деп оны жіберуден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×