«Шахтер» мен «Тараз» тең тарқасты

12.09.2020, 03:54
«Шахтер» мен «Тараз» тең тарқасты

"Тараз" футбол клубы Премьер-лиганың 8-турында Қарағандылық "Шахтермен" тең ойын өткізді.

Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің есебін "Тараз" клубының қорғаушысы Каршакевич 50-минутта ашқан болатын. Ал 93-минутта Мухаммед Усман есепті теңестіріп, командасына бір ұпай сыйлады.

"Тараз" осы ойыннан кейін жеті ұпаймен 8-орынға тұрақтады. Ал "кеншілер" 11 ұпаймен 4-орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×