Гави: “Олар біздің финалға шыққанымызды қаламады.“

08.05.2025, 21:30

“Барселона” Чемпиондар лигасының жартылай финалының жауап кездесуінде “Интерге” қосымша уақытта 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Осыдан кейін Гави әлеуметтік желіде жазба жариялап, өз ойымен бөлісті.

Гави: “Олар біздің финалға шыққанымызды қаламады.“

"Бұл бізге өте ауыр тиді, әсіресе жеңіске өте жақын тұрып жеңіліп қалғанымыз. Кейбіреулер, біздің финалға шыққанымызды қаламады, себебі бұл маусымдағы ойындарымыз оларды шошытты.

Чемпиондар лигасын жеңу қаншалықты қиын екенін білемін. Жыл сайын осы турнирде жеңіске жетуді армандаймын, бірақ біз бірлігімізді сақтасақ, сол жеңіс бізге келеді деп шынымен сенемін. Ол күн міндетті түрде туады.

Қазір эмоцияға беріліп тұрғанымыз рас, бірақ бұл маусымды әлі де үш бірдей жүлдемен аяқтай аламыз. Маусым басында ешкім бізден бір де бір титул күтпеді. Қиындықтар мен жетістіктерге қарамастан, бұл керемет маусым болды."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×