
Кевин Де Брюйненің өкілдері осы жазда еркін агент ретінде "Наполиге" ауысу мәселесі бойынша А сериясының көшбасшыларымен алғашқы келіссөздерді өткізді.
Маусым соңында "Манчестер Ситимен” келісімшарты аяқталатын 33 жастағы Бельгиялық жұлдыз еркін агентке айналады. Өткен айда Де Брюйне "Ситидің” футбол жөніндегі директоры Тцики Бегиристайн мен бас директор Ферран Сориано оған жаңа келісімшарт ұсынылмайтынын хабарлағанын айтты.
The Times басылымының мәліметінше, "Наполи” Де Брюйненің агенттерімен байланысқа шығып, жазда клубқа ауысу мүмкіндігін талқылаған. Антонио Контенің командасы келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысатынын алде қашан қамтамасыз еткен және А сериясында чемпиондыққа жақын тұр. Қазіргі таңда олар кеше ғана Чемпиондар лигасының финалына жолдама алған "Интерден” үш ұпайға алда, ал маусым аяқталуғк небәрі үш тур қалды.
Де Брюйненің өзі жоғары деңгейде ойнауды жалғастырғысы келетінін айтып, отбасына ең қолайлы шешімді іздейтінін жеткізген:
"Шынымды айтсам, мен әлі де осы деңгейде өнер көрсете аламын деп ойлаймын. Келесі қадамға қатысты кез келген нұсқаға ашықпын, өйткені мен бүкіл жағдайды ескеруге тиіспін – спорттық жағынан да отбасым үшін де. Қай шешім ең тиімді болатынын қарастырамын.” – деді ол.
Sky Sports мәліметінше, Англия премьер лигасының "Астон Вилла” клубы да Де Брюйнені өз құрамына қосуды қарастырып отыр.
Сонымен қатар, АҚШ-тың MLS лигасынан "Чикаго Файр” клубы Бельгиялық жұлдызға қызығушылық танытуда және, Сауд Арабиясының командалары да осы тізімде.
Де Брюйне биылғы маусымда "Манчестер Сити” үшін барлық жарыстарда 36 ойын өткізіп, 6 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді. Ол "Ситимен” бірге алты рет Премьер-лига чемпионы, бір рет Чемпиондар лигасы және бес рет Англия Кубогын жеңіп алған.
Біздің серіктес: FONBET