Генрих Шмидтгаль: “Бұл ойында барымызды салып ойнасақ қана жеңіске жетеміз”

12.10.2011, 04:14
Генрих Шмидтгаль: “Бұл ойында барымызды салып ойнасақ қана жеңіске жетеміз”
Бүгін футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Австрия командасымен 2012  жылы Польша мен Украина алаң­дарында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын өткізеді. Бұл матч біздің құрама үшін осы маусымдағы соңғы ойын болады. Сол себепті  біздің жігіттерге намысты қолға алып, осы маусымды жеңіспен  аяқтаған жөн болар!  Ойын қарсаңында құрамамыздың  жарық жұл ды зы, Алматы облысындағы Есік қаласының тумасы, қазіргі кезде Германияда тұратын  Генрих Шмидтгаль біздің газетімізге сұхбат берді.
- Команданың ойын ал дын дағы көңіл-күйі қалай?
- Көңіл-күй жақсы. Біздің бап кер бәрімізге құрама үшін ойнауға мүмкіндік берді. Менің ойымша, бізге Австрия коман дасын жеңуге болады. Мен қар сы лас­тарымыз дың сапында Бундеслигада ойнай тын бірнеше ойын шыны білемін. Олардың бәрі жақсы ойыншылар, бізге со ларды жеңу керек. Оған күшіміз жетеді деп ойлаймын.
- Осы жолғы ойынның Ве на дағы матчтан айырмашы лығы бола ма?
- Ол кездесу әлі есімде. Мен ол ойынға қатысқан жоқпын, бі рақ, интернеттен қарап отыр дым. Сол ойында алаң иелері бізге ең соңғы минөттерде доп соғып кетті. Ал осы жолы мүлдем керісінше бола ды. Егер біз осы матчта 100 па йызға күшімізді жұмса сақ, ойын кем дегенде тең есеппен бітеді.
- Неге сен Бельгияда ой нама дың?
- Бапкеріміз басқа жігіттерге ойнауға мүмкіндік берді. Оның үстіне менің мойнымда сары қағаз бола тын. Егер сол ойында тағы сары қағаз алғанымда Австрияға қар сы алаңға шықпайтын едім.
- Жанкүйерлерден не күте сің? Астана-Арена бос болса, ыңғай­сызданбайсың ба?
- Әрине, барлық ойын шылар жанкүйерлердің көп болғанын ұнатады, соны қалайды. Маған Сириямен болған ойында жан күйерлердің құрамаға қолдау көрсеткені ұнады. Осы жолы да солай болатынына сенемін.
- Жаңа клубқа үйрену жа ғы қалай болып жатыр?
- Бәрі дұрыс дер едім. Бапкеріміз өте жақсы, клуб ал ды да үлкен мақсат-міндеттер қойып отыр. Командамыз жақсы ойнап жүр. Қазір мен онда сол қап тал­дағы қорғаушының міндетін ат қара мын. Біздің команда екінші Бун деслиганың бірінші орнында келе жатыр. Биылғы маусымда жүл делі орынға шық сақ, келесі жы лы Бундеслигада ойнаймыз.
- Командада сені кім деп атайды?
- Гена.
- Ал біз сені жанкүйерлер арасында Ғани деп атаймыз. Қазақта сондай есім бар.
- Иә? (күледі). Жақсы екен, мен қарсы емеспін.
- Саған қай жерде ойнау ыңғайлы?
- Маған бәрібір. Қорғаныста да, орта алаңда да ойнай беремін.
- Шторк пен Беранек кезіндегі ойындарыңды айтамын. Шторк кезінде дұрыс ойнай алмадың ба, қазір Мирослав тың құрамында жақсы ойнап жүрсің. Мұны немен байла ныс тырасың?
- Барлықтарыңыз байқаған шығарсыздар, қазір біз жақсы ойнай бастадық. Бірінші рет үш ұпай алғанымыз есіңізде ғой, содан кейін біз тағы Түркия мен Австриядан ұпай әкететін едік. Сол екі кездесуде біздің қақ паға голл дарды қосымша уа қытта салды ғой. Ал Әзербай жанмен ойында біздің құрама бірінші таймда алда болды, екінші таймда жеңісті қол дан жіберіп алдық.
- Қазақстандағы туысқан дары ңа бардың ба?
- Соңғы рет өткен оқу-жат тығу жиыны кезінде барғанмын. Қазақстанда менің ағам тұрады. Ол маған туған өлкемді көрсетті. Әдемі жер екен.
- Құрамада кіммен доста сып кеттің?
- Ұлан Қонысбаевпен жақсы араласамын. Жамбыл Көкеев пен Марат Шахметовтер де жақ сы жігіттер.
- Бапкермен орысша сөйле се сің бе?
- Мирослав Беранек аздап немісше білгенімен, орысша сөй лесемін. Григорий Бабаян немісше жақсы біледі. Бірақ ол маған орысша үйрен, бәрімен тек орысша сөйлес деп айтады.
- Қазақша қандай сөз білесің?
- Саламалейкумді білемін. Болашақта Ұлан мені қазақшаға үйрете ме деп ойлаймын.
- Келесі іріктеу кезеңіндегі топ туралы не айтасың?
- Біздің қазіргі топ сияқты. Швеция мен Ирландия - жақсы командалар, бірақ оларды Бельгия мен Түркияның қатарына қояр едім. Ал Германия мен Австрияны біз білеміз. Олармен келесі жылы жолымыз тағы түйіседі.
Әңгімелескен, Рахман ӘБДИЕВ
Генрих Шмидтгаль: “Бұл ойында барымызды салып ойнасақ қана жеңіске жетеміз”Бөлісу…Бүгін футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Австрия командасымен 2012  жылы Польша мен Украина алаң­дарында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын өткізеді. Бұл матч біздің құрама үшін осы маусымдағы соңғы ойын болады. Сол себепті  біздің жігіттерге намысты қолға алып, осы маусымды жеңіспен  аяқтаған жөн болар!  Ойын қарсаңында құрамамыздың  жарық жұл ды зы, Алматы облысындағы Есік қаласының тумасы, қазіргі кезде Германияда тұратын  Генрих Шмидтгаль біздің газетімізге сұхбат берді.- Команданың ойын ал дын дағы көңіл-күйі қалай?- Көңіл-күй жақсы. Біздің бап кер бәрімізге құрама үшін ойнауға мүмкіндік берді. Менің ойымша, бізге Австрия коман дасын жеңуге болады. Мен қар сы лас­тарымыз дың сапында Бундеслигада ойнай тын бірнеше ойын шыны білемін. Олардың бәрі жақсы ойыншылар, бізге со ларды жеңу керек. Оған күшіміз жетеді деп ойлаймын.- Осы жолғы ойынның Ве на дағы матчтан айырмашы лығы бола ма?- Ол кездесу әлі есімде. Мен ол ойынға қатысқан жоқпын, бі рақ, интернеттен қарап отыр дым. Сол ойында алаң иелері бізге ең соңғы минөттерде доп соғып кетті. Ал осы жолы мүлдем керісінше бола ды. Егер біз осы матчта 100 па йызға күшімізді жұмса сақ, ойын кем дегенде тең есеппен бітеді.- Неге сен Бельгияда ой нама дың?- Бапкеріміз басқа жігіттерге ойнауға мүмкіндік берді. Оның үстіне менің мойнымда сары қағаз бола тын. Егер сол ойында тағы сары қағаз алғанымда Австрияға қар сы алаңға шықпайтын едім.- Жанкүйерлерден не күте сің? Астана-Арена бос болса, ыңғай­сызданбайсың ба?- Әрине, барлық ойын шылар жанкүйерлердің көп болғанын ұнатады, соны қалайды. Маған Сириямен болған ойында жан күйерлердің құрамаға қолдау көрсеткені ұнады. Осы жолы да солай болатынына сенемін.- Жаңа клубқа үйрену жа ғы қалай болып жатыр?- Бәрі дұрыс дер едім. Бапкеріміз өте жақсы, клуб ал ды да үлкен мақсат-міндеттер қойып отыр. Командамыз жақсы ойнап жүр. Қазір мен онда сол қап тал­дағы қорғаушының міндетін ат қара мын. Біздің команда екінші Бун деслиганың бірінші орнында келе жатыр. Биылғы маусымда жүл делі орынға шық сақ, келесі жы лы Бундеслигада ойнаймыз.- Командада сені кім деп атайды?- Гена.- Ал біз сені жанкүйерлер арасында Ғани деп атаймыз. Қазақта сондай есім бар.- Иә? (күледі). Жақсы екен, мен қарсы емеспін.- Саған қай жерде ойнау ыңғайлы?- Маған бәрібір. Қорғаныста да, орта алаңда да ойнай беремін.- Шторк пен Беранек кезіндегі ойындарыңды айтамын. Шторк кезінде дұрыс ойнай алмадың ба, қазір Мирослав тың құрамында жақсы ойнап жүрсің. Мұны немен байла ныс тырасың?- Барлықтарыңыз байқаған шығарсыздар, қазір біз жақсы ойнай бастадық. Бірінші рет үш ұпай алғанымыз есіңізде ғой, содан кейін біз тағы Түркия мен Австриядан ұпай әкететін едік. Сол екі кездесуде біздің қақ паға голл дарды қосымша уа қытта салды ғой. Ал Әзербай жанмен ойында біздің құрама бірінші таймда алда болды, екінші таймда жеңісті қол дан жіберіп алдық.- Қазақстандағы туысқан дары ңа бардың ба?- Соңғы рет өткен оқу-жат тығу жиыны кезінде барғанмын. Қазақстанда менің ағам тұрады. Ол маған туған өлкемді көрсетті. Әдемі жер екен.- Құрамада кіммен доста сып кеттің?- Ұлан Қонысбаевпен жақсы араласамын. Жамбыл Көкеев пен Марат Шахметовтер де жақ сы жігіттер.- Бапкермен орысша сөйле се сің бе?- Мирослав Беранек аздап немісше білгенімен, орысша сөй лесемін. Григорий Бабаян немісше жақсы біледі. Бірақ ол маған орысша үйрен, бәрімен тек орысша сөйлес деп айтады.- Қазақша қандай сөз білесің?- Саламалейкумді білемін. Болашақта Ұлан мені қазақшаға үйрете ме деп ойлаймын.- Келесі іріктеу кезеңіндегі топ туралы не айтасың?- Біздің қазіргі топ сияқты. Швеция мен Ирландия - жақсы командалар, бірақ оларды Бельгия мен Түркияның қатарына қояр едім. Ал Германия мен Австрияны біз білеміз. Олармен келесі жылы жолымыз тағы түйіседі. Әңгімелескен, Рахман ӘБДИЕВ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×