Айыптау - оңай, жол табу - қиын

12.10.2011, 03:53
Айыптау - оңай, жол табу - қиын
Қазақстан ұлттық құрамасы 2012 жылы өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу жарысын бүгін өз алаңында Австрия командасына қарсы ойынмен аяқтайды.
Бастапқыда неміс маманы Бернд Шторк, кейіннен чех Мирослав Беранекке сеніп тапсырылған құрамамыздың Польша мен Украина елі бірігіп қабылдайтын құрлық додасының шешуші бөлігіне берілер жолдамадан үміті баяғыда-ақ үзілгені мәлім. Бірақ біздің ел жанкүйерлері мен футбол ісін басқарған азматтарымыз «А» тобындағы алты команданың ішінде ең соңғы орында қалып қоймау маңызды еді. Бірақ өкінішке қарай, ол арманымыз да орындалмады...
Қазақстан құрамасы Германия, Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларының бәрінен де осал шығып, соңғы турдың нәтижесіне қарамастан осы алтылықтың арасында ең соңғы орынға жайғасады. 9 кездесуден кейін 3 ұпай ғана еншілеген футболшыларымызға айтылар өкпе, тағылар кінә көп. Дегенмен сынағаннан мүйіз шықса қане? Ұлттық құрамамызды қазір ерінбегеннің бәрі сыбап алады. Бұл айнаға қарап бетім неге қисық дегенмен пара-пар әдет. Елдегі футболдың дамуы бір ғана ұлттық құрама деңгейінде өлшенбейтінін айтудан жалықтық. Қазіргі құраммен командамыз ешқашан дүбірлі додаға қосыла алмайды. «Неге атақты, білікті бапкерлерді» шақырмаймыз?» деп кіжінетіндер де жанкүйерлер арасында жетерлік. Бірақ ақиқатқа тура қарайықшы. Жақсы, қазақ жеріне дәуірі жүріп тұрған Жозе Моуриньоны немесе Гус Хиддинкті алдыралық делік. Олар келген күннің өзінде футбол әліппесін о баста дұрыс оқымаған футболшыларымызды Месси, Роналдуларға айналдыра алмайды ғой. Тактикалық тұрғыда біраз өзгерістер әкелер, бірақ орыстар айтпақшы, бәрібір «өз басымыздан биік секіре алмасымыз» анық. Біз Еуропаға келе сала «төр менікі «деп айта алмаймыз, тек жүйелі істің арқасында ғана болашақта үлкен жетістіктерге қол созуымыз мүмкін. Жүйелі іс деген сылдыр сөз емес. Оның төркіні балалар футболынан бастап ел біріншілігіндегі бәсеке шынайылығына дейінгі аралықтағы көптеген ұсақ-түйек сияқты көрінетін мәселелерге жетелейді. Салыстырып көрейікші. Мәселен, Бразилияда кез келген бала бірінші кезекте футболшы болуға талпынады. Оған ата-аналары да мүдде танытады. Егер үміткерден мықты футболшы шыға қоймасы анық болса ғана басқа саланың (мүмкін, тіпті президент болудың) қамын күйттей бастайды екен бразилиялық жас өрен. Онда баланың футболды құлай сүюі үшін барлық жағдай жасалған. Бізде ше? Таразының екі басына футболшы мен президент болу мүмкіндігі қойылса, шыны керек қазақ ата-анасының соңғысын қалап алары анық. Сондықтан да ұлттық құрама ойыншылары мен ел футболының тұтқасын ұстағандарды есекке теріс мінгізерден бұрын өз-өзімізге де сын көзбен қарап алайық.
Рас бізде футболдың дамуына кері әсер етіп жатқан факторлар да бар. Мәселен, футбол алаңдарының, футбол мектептерінің жетіспеуі. Бір ғана Алматыны мысалға алайық. Еліміздегі ең ірі қалада балаларды футбол әліппесіне үйрететін жалпақ тілмен айтсақ, мектеп бар. Бірақ олардың саны Алматыдай алып шаһар үшін аз. Сондай-ақ футбол алаңдарының аздығы да ала доп қууды көздегендердің меселін қайтарып тастайды. Жасыл майсада доп тебу үшін міндетті түрде қалтаңнан қомақты қаржы төлеуге тиіссің. Ал балаларын футбол үйірмесіне бергендерді қандай мәселелер қинайды? Көптеген ата-аналар ең алдымен балаларының мектепке барып-келуіне алаңдайды екен. Әрине, бес, алты жастағы балаларды футболға апарып әкеліп тұру үшін ересек адам қажет. Кейбір балалардың қаланың бір басынан екінші басына қатынап, жаттығып жүргендеріне де куә болдық. Сондай-ақ балалардың қызу бәсекенің дәмін сезіну үшін команда боп басқа қалаларда ұйымдастырылатын жарыстарға барып тұратыны мәлім. Бірен-саран жағдайда болмаса көбінесе жол шығынын ата-аналардың өздері көтеріп жатады. Қазір адамдардың материалдық жағдайлары әртүрлі екені белгілі. Біреу үшін жол шығынын өтеу еш қиындық туғызбаса, біреудің қалтасына салмақ түсуі мүмкін. Сондықтан осы мәселеге футбол тетігін ұстаған басшылар назар аударып, жүйеге салса. Футболдың айналасында қыруар қаржы жүретіндіктен балалар футболы материалдық тұрғыда мықтап қамқорлыққа алынса деген тілегіміз бар.
Еліміз бойынша әр футбол клубының базасында балалар командалары құрылып жатқаны әлемдегі нөмір бірінші спорттың қанат жаюына ықпал етері сөзсіз. Бұл балалар футболының өркенді дамуына жол ашатын оңды бастама болып отыр.
«Ұлттық құраманың бойында намыс жоқ» дейтіндердің пікірі ше? Мұндай сөзді айтар алдында оның салмағын сезіне білген дұрыс болар деп ойлаймын. Алаңдағы он бір ойыншының бәрі бірдей емес қой. Олардың арасында шынымен де жүрегі елім деп соғатын нағыз ерлер бар шығар? Жоқ, бізде қазір «намыс жоқ» деп айыптай салу, табалау сәнге айналып бара жатқандай. Көпке топырақ шашудан аулақ болайық ағайын. Әсіресе, компьютердің мониторына тығылып алып, тасадан тас лақтыру өр кеуделі қазаққа жараспайтынын ұмытпайық.
Сонымен, өткен аптаның соңында Бельгия құрамасынан да ұтылған құрамамыз үшін бүгінгі кездесу аса маңызды болмақ. «Астана-Аренадағы» ақтық ойында Беранек баптаған ұжым барын салуға тиіс. Қарсылас оңай емес. Австрия құрамасы біздің басты қарсыласымыз саналған Әзірбайжан футболшыларынан екі рет басым түсті. Сол екі ойында да австриялықтар ірі есеппен жеңіске жетті. Ал біздің елдің өрендері Австрияда өткен алғашқы кездесуде алаң иелеріне 0:2 есебімен есе жіберген болатын. Австрия құрамасының еншісінде қазір 11 ұпай бар, 4-орында тұр.
Сондай-ақ жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізген Германия құрамасы бүгін Бельгия командасын қабылдайды. Әзірбайжандар Түркияда жергілікті құрамаға қарсы тұрады. Бельгия мен Түркия құрамалары үшін соңғы тур өте маңызды. Өйткені екі команданың да құрлық біріншілігіне барар мүмкіндіктері сақтаулы. Бельгия футболшылары 9 кездесуде 15 ұпайға ие болса, түріктердің олардан 1 ұпайлары ғана кем.
Шалқар ЕСТЕН
Айыптау - оңай, жол табу - қиын 11.10.11.Қазақстан ұлттық құрамасы 2012 жылы өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу жарысын бүгін өз алаңында Австрия командасына қарсы ойынмен аяқтайды.Бастапқыда неміс маманы Бернд Шторк, кейіннен чех Мирослав Беранекке сеніп тапсырылған құрамамыздың Польша мен Украина елі бірігіп қабылдайтын құрлық додасының шешуші бөлігіне берілер жолдамадан үміті баяғыда-ақ үзілгені мәлім. Бірақ біздің ел жанкүйерлері мен футбол ісін басқарған азматтарымыз «А» тобындағы алты команданың ішінде ең соңғы орында қалып қоймау маңызды еді. Бірақ өкінішке қарай, ол арманымыз да орындалмады... Қазақстан құрамасы Германия, Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларының бәрінен де осал шығып, соңғы турдың нәтижесіне қарамастан осы алтылықтың арасында ең соңғы орынға жайғасады. 9 кездесуден кейін 3 ұпай ғана еншілеген футболшыларымызға айтылар өкпе, тағылар кінә көп. Дегенмен сынағаннан мүйіз шықса қане? Ұлттық құрамамызды қазір ерінбегеннің бәрі сыбап алады. Бұл айнаға қарап бетім неге қисық дегенмен пара-пар әдет. Елдегі футболдың дамуы бір ғана ұлттық құрама деңгейінде өлшенбейтінін айтудан жалықтық. Қазіргі құраммен командамыз ешқашан дүбірлі додаға қосыла алмайды. «Неге атақты, білікті бапкерлерді» шақырмаймыз?» деп кіжінетіндер де жанкүйерлер арасында жетерлік. Бірақ ақиқатқа тура қарайықшы. Жақсы, қазақ жеріне дәуірі жүріп тұрған Жозе Моуриньоны немесе Гус Хиддинкті алдыралық делік. Олар келген күннің өзінде футбол әліппесін о баста дұрыс оқымаған футболшыларымызды Месси, Роналдуларға айналдыра алмайды ғой. Тактикалық тұрғыда біраз өзгерістер әкелер, бірақ орыстар айтпақшы, бәрібір «өз басымыздан биік секіре алмасымыз» анық. Біз Еуропаға келе сала «төр менікі «деп айта алмаймыз, тек жүйелі істің арқасында ғана болашақта үлкен жетістіктерге қол созуымыз мүмкін. Жүйелі іс деген сылдыр сөз емес. Оның төркіні балалар футболынан бастап ел біріншілігіндегі бәсеке шынайылығына дейінгі аралықтағы көптеген ұсақ-түйек сияқты көрінетін мәселелерге жетелейді. Салыстырып көрейікші. Мәселен, Бразилияда кез келген бала бірінші кезекте футболшы болуға талпынады. Оған ата-аналары да мүдде танытады. Егер үміткерден мықты футболшы шыға қоймасы анық болса ғана басқа саланың (мүмкін, тіпті президент болудың) қамын күйттей бастайды екен бразилиялық жас өрен. Онда баланың футболды құлай сүюі үшін барлық жағдай жасалған. Бізде ше? Таразының екі басына футболшы мен президент болу мүмкіндігі қойылса, шыны керек қазақ ата-анасының соңғысын қалап алары анық. Сондықтан да ұлттық құрама ойыншылары мен ел футболының тұтқасын ұстағандарды есекке теріс мінгізерден бұрын өз-өзімізге де сын көзбен қарап алайық. Рас бізде футболдың дамуына кері әсер етіп жатқан факторлар да бар. Мәселен, футбол алаңдарының, футбол мектептерінің жетіспеуі. Бір ғана Алматыны мысалға алайық. Еліміздегі ең ірі қалада балаларды футбол әліппесіне үйрететін жалпақ тілмен айтсақ, мектеп бар. Бірақ олардың саны Алматыдай алып шаһар үшін аз. Сондай-ақ футбол алаңдарының аздығы да ала доп қууды көздегендердің меселін қайтарып тастайды. Жасыл майсада доп тебу үшін міндетті түрде қалтаңнан қомақты қаржы төлеуге тиіссің. Ал балаларын футбол үйірмесіне бергендерді қандай мәселелер қинайды? Көптеген ата-аналар ең алдымен балаларының мектепке барып-келуіне алаңдайды екен. Әрине, бес, алты жастағы балаларды футболға апарып әкеліп тұру үшін ересек адам қажет. Кейбір балалардың қаланың бір басынан екінші басына қатынап, жаттығып жүргендеріне де куә болдық. Сондай-ақ балалардың қызу бәсекенің дәмін сезіну үшін команда боп басқа қалаларда ұйымдастырылатын жарыстарға барып тұратыны мәлім. Бірен-саран жағдайда болмаса көбінесе жол шығынын ата-аналардың өздері көтеріп жатады. Қазір адамдардың материалдық жағдайлары әртүрлі екені белгілі. Біреу үшін жол шығынын өтеу еш қиындық туғызбаса, біреудің қалтасына салмақ түсуі мүмкін. Сондықтан осы мәселеге футбол тетігін ұстаған басшылар назар аударып, жүйеге салса. Футболдың айналасында қыруар қаржы жүретіндіктен балалар футболы материалдық тұрғыда мықтап қамқорлыққа алынса деген тілегіміз бар. Еліміз бойынша әр футбол клубының базасында балалар командалары құрылып жатқаны әлемдегі нөмір бірінші спорттың қанат жаюына ықпал етері сөзсіз. Бұл балалар футболының өркенді дамуына жол ашатын оңды бастама болып отыр. «Ұлттық құраманың бойында намыс жоқ» дейтіндердің пікірі ше? Мұндай сөзді айтар алдында оның салмағын сезіне білген дұрыс болар деп ойлаймын. Алаңдағы он бір ойыншының бәрі бірдей емес қой. Олардың арасында шынымен де жүрегі елім деп соғатын нағыз ерлер бар шығар? Жоқ, бізде қазір «намыс жоқ» деп айыптай салу, табалау сәнге айналып бара жатқандай. Көпке топырақ шашудан аулақ болайық ағайын. Әсіресе, компьютердің мониторына тығылып алып, тасадан тас лақтыру өр кеуделі қазаққа жараспайтынын ұмытпайық. Сонымен, өткен аптаның соңында Бельгия құрамасынан да ұтылған құрамамыз үшін бүгінгі кездесу аса маңызды болмақ. «Астана-Аренадағы» ақтық ойында Беранек баптаған ұжым барын салуға тиіс. Қарсылас оңай емес. Австрия құрамасы біздің басты қарсыласымыз саналған Әзірбайжан футболшыларынан екі рет басым түсті. Сол екі ойында да австриялықтар ірі есеппен жеңіске жетті. Ал біздің елдің өрендері Австрияда өткен алғашқы кездесуде алаң иелеріне 0:2 есебімен есе жіберген болатын. Австрия құрамасының еншісінде қазір 11 ұпай бар, 4-орында тұр. Сондай-ақ жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізген Германия құрамасы бүгін Бельгия командасын қабылдайды. Әзірбайжандар Түркияда жергілікті құрамаға қарсы тұрады. Бельгия мен Түркия құрамалары үшін соңғы тур өте маңызды. Өйткені екі команданың да құрлық біріншілігіне барар мүмкіндіктері сақтаулы. Бельгия футболшылары 9 кездесуде 15 ұпайға ие болса, түріктердің олардан 1 ұпайлары ғана кем. Шалқар ЕСТЕН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×