Георгий Жуков: мен құрамада ақша үшін жүрген жоқпын

18.06.2025, 11:56

Қазақстан құрамасы мен польшалық «Пуща» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ұлттық командада ойнау үшін ақша ұсынылғанын мәлімдеді.

Георгий Жуков: мен құрамада ақша үшін жүрген жоқпын
Георгий Жуков Қазақстан сапында

«Астанада» жүргенде маған ақша ұсынып, ұлттық құрамада ойнауға көндірмек болды. Бірақ мен ол ақшаны алған жоқпын. Сомасы тәп-тәуір еді, өзіңіз көріп тұрғаныңыздай, мен құрамада ақша үшін жүрген жоқпын. Сол кезде де қаражаттан бас тартқанмын, бірақ бәрібір ұлттық құрамада ойнап жүрмін. Бұрын бұл туралы ашық айтқан емеспін, өзіңіз сұраған соң айтайын: иә, бұл шындық. Қазір де құрамада тегін ойнап жүрмін», - деді Г. Жуков «BorodAbata.kz» сайтына берген сұхбатында.

Георгий Жуков 2014–2015-жылдары «Астананың» намысын қорғаған болатын. Қазір жартылай қорғаушы Польша чемпионатында өнер көрсететін «Пущаның» жейдесінде доп тебеді. Биыл Георгий Жуков үш жылдық үзілістен кейін Қазақстан құрамасына қайта оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×