«Торпедоның» бапкері «Ордабасыға» қарсы ойын туралы: бұл ситуацияда мүмкіндік 50 де 50

18.06.2025, 12:56

Грузиялық «Торпедо» бас бапкері Дирк Шустер «Ордабасыға» қарсы кездесуден не күтетінін айтып, ойын ортаға салды.

«Торпедоның» бапкері «Ордабасыға» қарсы ойын туралы: бұл ситуацияда мүмкіндік 50 де 50
Дирк Шустер

Айта кетейік, шымкенттік команда Конференциялар лигасының бірінші кезеңінде «Торпедомен» шеберлік байқасады. Бірінші бәсеке сырт алаңда 10-шілдеде, ал қарымта кездесу Шымкентте 17-шілдеде болады.   

 «Бұл ситуацияда мүмкіндік 50 де 50 болып тұр, өйткені, мен «Ордабасының» Қазақстандағы жақсы клуб екенін білемін және бір жарым жыл бұрын чемпионатта топ жарды. Сонымен қатар, олардың биылғы маусымды ойдағыдай өткізе алмай, Қазақстан біріншілігінің турнирлік кестесінің ортасына жайғасқанынан да хабардармын. Мүмкін олардың да мәселесі біздікі секілді сияқты шығар. Біз де турнирлік кестенің ортасына орналасқанбыз, олар да солай және бұл бәсекедегі мүмкіндік 50 де 50 болады деп күтемін. Қазақстанда әсіресе жазда ерекше ытық, қалада шамамен 40 градус болады және соңы біз үшін тиімді аяқталатын тартысқа толы екі кездесу болады деп  күтемін», - деді Д. Шустер «Sports.kz» порталына берген сұқбатында.

«Ордабасы» ҚПЛ-2025-тің 12 турынан кейін 16 ұпаймен жетінші сатыға жайғасқан.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×