Биыл «Оқжетпес» ҚПЛ-де жүлдеге таласады! Сербиялық легионердің пікірі

18.06.2025, 14:20

«Оқжетпестің» сербиялық легионері Стахинья Иованович Қазақстан чемпионатының деңгейі туралы пікірін айтып, көкшетаулық клубтың мақсат-міндеттерімен бөлісті.  

Биыл «Оқжетпес» ҚПЛ-де жүлдеге таласады! Сербиялық легионердің пікірі
"Оқжетпес" ФК футболшылары

«Бұл жақсы лига. Келмей тұрып Қазақстан чемпионаты маған беймәлім болатын, алайда қазір мұндағы командалардың деңгейлері шамалас екенін көрдім. Мұнда ойын ырғағы жоғары, ал жалпы ойын сапасы тұрғысынан алғанда ҚПЛ Босния, Сербия чемпионаттарымен бірдеу деуге болады. Бізде жақсы футболшылар мен білікті бапкерлік құрамнан жасақталған мықты команда бар. Осы құраммен біраз тосынсый жасап, көп жетістікке жетерімізге сенімдімін», - деді С. Иованчич «Sports.kz» ке берген сұқбатында.

«Оқжетпес» премьер-лиганың 12 турынан кейін 20 ұпай жинап, бесінші сатыға жайғасқан. Андрей Ферапонтовтың командасы өткен турда «Астанадан» ұтылды 2:5. Келесі турда көкшетаулық ұжым «Ордабасымен» жолығады. Бұл бәсеке 22-маусымға жоспарланған.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×